Азаматтық қорғау бөліміне жетекші инженер (өрт қауіпсіздігі бойынша)

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
393

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Серіктестіктің қауіпті өндірістік объектілерінде бақылаушы органдар анықтаған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына талдау жүргізу және Серіктестіктің қызметтерімен және бөлімшелерімен бірлесіп, оның негізінде алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар дайындау;
  • мамандандырылған оқу орталығымен өрт-техникалық минимум бойынша серіктестік басшылары мен мамандары үшін өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша бағдарламалар мен емтихан карточкаларын әзірлеуге қатысу;
  • Серіктестіктегі оқиғалар мен өрттерді есепке алуды және талдауды жүргізуге, оқиғалар мен өрттерді тергеу актілерінде көрсетілген іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
  • оқиғаларды, өрттерді тергеуге қатысуға және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
  • өрт қауіпсіздігі саласындағы заманауи заңнамалық талаптарға және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өрт қауіпсіздігін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және тікелей басшыға енгізу;
  • өрт автоматикасын қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;
  • өрт-техникалық минимумға, нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бiлу көлемдерiне, өрт қауiпсiздiгi саласында, өртке қарсы режим, технологиялық процесс пен кәсiпорынның өндiрiсiнiң өрт қауiпсiздiгi тұрғысынан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерде өрт болған жағдайда өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін сақтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін әдістер мен іс-әрекеттер ретінде;
  • өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды өзгерту кезінде өз құзыреті шегінде Серіктестікте оларды іске асыру бойынша шаралар қабылдауға;
  • өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұйрықтардың, ережелер мен нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен жұмысын үйлестіру;
  • Серіктестік объектілерін өрттерден қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары мен өртке қарсы іс-шараларды орындау бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсететін қызметтердің сапасын бақылау;
  • өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ыстық жұмыстарды азайту және қауіпсіз жүргізу бойынша ұсыныстар мен шаралар әзірлеу;
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды, қолданыстағы стандарттарды, өрт қауіпсіздігі бойынша тәртіптер мен нұсқауларды жою бойынша жазбаша нұсқаулар мен ұсынымдар беруге;
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне өрт қауіпсіздігі саласындағы және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Серіктестіктің нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының орындалуы бойынша кеңестер беру;
  • мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асыратын объектiнiң өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн егжей-тегжейлi, бақылау, мақсатты, профилактикалық және кешендi тексеруге және өрт-техникалық комиссияның жұмысына қатысуға;
  • Серіктестік қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытуды жүргізу;
  • Серіктестік басшылары мен мамандарының қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілерде, мемлекеттік өртке қарсы қызмет және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет органдарының актілерінде ұсынылған іс-шараларды орындауын, өрт қауіпсіздігі саласындағы төлқұжаттардың, журналдардың дұрыс мазмұнын, болуын және сақталуын бақылау.

Талаптар:

  • Тиісті мамандық (техникалық) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
  • Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, кемінде 5 жыл
  • Білу: өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және басқа да материалдарын, қазақ және орыс тілдерін білу, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылау органдарымен өзара іс-қимыл; техникалық даму перспективалары мен Серіктестік (Серіктестік бөлімшелері) қызметінің ерекшеліктері, тиісті қызмет саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе.
  • Дағдылар: конструкторлық және нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу; MS Office (Excel, Word, Outlook, PowerPoint)
  • Тәртіптілік, күйзеліске төзімділік, жауапкершілік, аналитикалық дағдылар, берілген тапсырмаларды орындаудағы дәлдік және уақтылылық.

Шарттары:

  • Атырауда жұмыс
  • Үміткер жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылуда