«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің Семей стансасының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі 2 санатты бас маманы – ЖТ Семей филиалы

335349 - 350414
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
199

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Қозғалыс қауіпсіздігі қызметі бөлімінің бастығы бекіткен бас маманның жұмыс жоспарына сәйкес жұмысты ұйымдастырады.
  • Технологиялық процестерді орындау кезінде кәсіпорында өндірістік қауіпсіздік стандарттарының талаптарын енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Өндірістік қауіпсіздік саласындағы менеджмент жүйесін енгізуді, сондай-ақ өзекті күйде ұстауды және тұрақты жақсартуды қамтамасыз етеді.
  • Станция қызметкерлерімен техникалық сабақтар өткізуге қатысады, техникалық сабақтар өткізу сапасына, БП телеграфтық нұсқауларын зерделеу мен пысықтауға бақылауды жүзеге асырады, аттестаттауды қабылдау, қызметкерлерде сынақтар өткізу жөніндегі станция комиссиясына қатысады. 
  • Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын тергеуге қатысады.
  • "ҚТЖ ҰК "АҚ-да және ЕҰ-да оқиғаларды олардың түпкі себептерін айқындай отырып басқару" стандартының талаптарына сәйкес ҰБД жағдайлары бойынша тергеу материалдарын қалыптастырады.
  • Өндірістік қауіпсіздік саласындағы станция басшылығының лауазымдық міндеттерін орындауды қарастырады және бағалайды.
  • Жұмыс орындарында бұйрықтардан қажетті үзінді көшірмелердің, станцияның ТРА-дан үзінді көшірмелерінің, станцияның технологиялық процесінің болуын, олардың сәйкестігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда өзгерту және толықтыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
  • ҰБД жағдайларын қамтамасыз етуге және алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
  • Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті шаруашылық бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр