«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Достық станциясы» филиалының теміржол станциясы кезекшісі жанындағы операторы

227418 - 240101
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
104

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Поездарды қабылдау және жөнелту жұмысытарының, маневр жұмыстарының,  қолда бар нұсқаулар мен өкімдермен, станция парктеріндегі жылжымалы құраммен, жақын перегондар Достык-Алашанькоу, Ақтоғай-Достық жағдайларымен танысады. Жұмыс барысында ДУ-3,ДУ-58, ДУ-60, ВУ-14, ДУ-47 журналдарындағы жазбаларындағы жазбалар мен қойылған қолдарды тексереді. Поездарды қабылдап жөнелту сұрақтары бойынша операторлармен, ДЕПО кезекшілерімен, ППВ операторларымен, вагон тесерушілермен, жүк тапсыру агенттерімен кузет диспетчерларымен келіссөздер жүргізеді.   Телефонмен тікелей байланыспен ДГП, ДНЦ,  ДСП Разъезд-19, Алашанькоу станциясының кезекшісімен қытай аудармашысы арқылы поезд тапсырып, қабылдап жоспарын талқылап, келіссөздер жүргізеді. Техникалық контордың операторларына, вокзал кезекшілеріне, күзет диспетчерларына жүк және пассажир поездарының қай жолға және қай уақытта келетінін хабарлап отырады. Қажеттілікке байланысты локомотив бригадаларына, станция жұмысшыларына Алашанькоу станциясына барғанға атаулы тізім толтырады. Поездық құттаманың яғни диспетчерлық бұйрықтар тіркеу журналын, поездық телефонограма журналын, ескрту кітабын дұрыс жүргізілуін қарайды, жауапты

Біліктілік талаптары:

Білімі 

Жоғары; орта (техникалық және профессионалдық); орта 

Мамандығы

Жүк тасымалын ұйымдастыру және транспорттағы қозғалысты басқару; теміржол транспортындағы жүк және коммерциялық жұмыс.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек өтілі талап етілмейді

Еңбек өтілі талап етілмейді

2 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс белгі беруші, тасымалдау құжаттарын тасушы, вагондарды жазу операторы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.

Қосымша талаптар:

жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру