«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Павлодар көлік оқу орталығы» филиалының шаруашылық меңгерушісі

212354 - 219489
Филиал АО "НК "ҚТЖ" - "Павлодарский учебный центр транспорта" Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
483

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Сатып алу жоспарын құру үшін әлеуетті жеткізушілерден ақпарат пен коммерциялық ТЖҚ ұсыныстарын сұрайды; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу бойынша жеткізушілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  • ТЖҚ бойынша техникалық ерекшелікті дайындайды, келіседі;
  • күрделі салымдар жоспары бойынша сатып алынатын ТЖҚ бойынша қажеттілікті қалыптастырады;
  • пайдалану шығындарының жоспары бойынша сатып алынатын ТЖҚ бойынша қажеттілікті қалыптастырады;
  • маркетингтік зерттеулер жүргізуге және ТЖҚ бойынша болжамды бағаларды алуға сұраныстар жібереді;
  • оқу орталығының ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеу, шаруашылық шығыстар сметасын жасау жоспарларын әзірлеуге қатысады. ТЖҚ бойынша сатып алуды жүргізуге өтінімдер жібереді;
  • қағаз тасығышта шарттар жасасуға өтінім жібереді; жеткізушілермен жасалған шарттар бойынша жұмыс жүргізеді (хат алмасу, өтінімдерді жолдау, ТЖҚ қабылдау, талап-арыз жұмысы үшін материалдар дайындау, елішілік құндылық үлесі бойынша есептерді келісу);
  • Үй-жайлар мен іргелес аумақтарға күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізілген жағдайда оны жүргізуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасына бақылауды жүзеге асырады;
  • филиалдың шаруашылық қажеттіліктері үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылайды; оқу орталығының іргелес аумағын абаттандыру, көгалдандыру және жинау бойынша жұмыстарға басшылық етеді; өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өрт мүкәммалын ақаусыз күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
  • компанияның жергілікті актілерінде белгіленген тәртіппен оқу орталығының материалдық құндылықтарын, мүлкін, жиһазын, мүкәммалын жауапты сақтауға қабылдайды;
  • оқу орталығының қызметкерлерін шаруашылық заттармен қамтамасыз етеді; тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес оқу орталығының ғимараттарына, оқу кабинеттеріне және өзге де мүліктеріне шаруашылық қызмет көрсетуге және тиісті техникалық және санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
  • оқу корпусы мен жатақхананы пайдалану кезінде еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, сондай-ақ бағынысты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді; жыл сайынғы мерзімді сынақтарды, су-жарық, жылу есепке алу аспаптарын куәландыруды өткізуді ұйымдастырады;
  • жазғы-қысқы жұмыс кезеңіне көшу кезінде оқу орталығында дайындық жұмыстарын ұйымдастырады; шаруашылық топтың бағынысты персоналының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды; шаруашылық топ персоналы бойынша жұмыс уақытының табельдік есебін жүргізеді. Өндірістік персоналдың ауысымдық қызметкерлерінің жұмыс кестесін жасайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары кәсіби;
  • Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, экономика және менеджмент, Құқықтану;
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы