Старший фельдшер
"Energy Solutions Center" ЖШС Екібастұз қ.Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттерді орындауға;
- Серіктестік қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында жүргізілетін емдеу-профилактикалық, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларға қатысуға және өткізуге;
- жіті аурулар, жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетуге, көрсетілген жағдайда науқасты жақын жердегі емдеу-профилактикалық мекемеге жіберуге, қажет болған жағдайда науқастар мен зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне тасымалдауды ұйымдастыруға.
- Серіктестіктің шаруашылық үй-жайлары мен өндірістік бөлімшелерінің санитарлық жағдайын бақылауға;
- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері үшін алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдишаның құрамына сәйкес олардың өтініштері бойынша қобдишаларын қалыптастыруды және толықтыруды жүзеге асыру және олардың пайдаланылуын бақылау;
- профилактикалық, емдік және диагностикалық шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қадағалау;
- белгіленген есептілік және есеп құжаттамасын жүргізуге, белгіленген мерзімде тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша материалдық есеп беруді жасауға және беруге;
- еңбекке жарамсыздық демалысы туралы тоқсан сайынғы есепті дайындауға қатысу;
- персоналды ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі, жоспардан тыс, жағдайлық медициналық тексеруден өткізу;
- Серіктестік қызметкерлерін міндетті медициналық тексеруден өткізуге қатысу;
- Серіктестік қызметкерлерінің медициналық тексерулерін бақылау кестелері;
- қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өтуден жалтарған жағдайда Серіктестік басшылығына хабарлауға;
- денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге;
- жұмысшылардың санаториялық-курорттық емделуге және медициналық тексеруге мұқтаждығын зерделеу;
- ҚОҚ-мен бірлесіп өндірістік жарақаттану жағдайларын тергеуге қатысу;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын сақтауға
- Серіктестік қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың дұрыс сақталуын, есепке алынуын және есептен шығарылуын қамтамасыз ету;
- Серіктестіктің ЖҰӨ-де белгіленген талаптарды орындау.
- өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде, сондай-ақ куә (жәбiрленушi) болған жұмысқа бара жатқанда және қайтып келе жатқан кезiнде орын алған әрбiр жазатайым оқиға/оқиға туралы өзiнiң тiкелей басшысына және ОҚЕҰ-ға дереу хабарлауға;
- кәсіпорынның мүдделеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ бірлескен кәсіпорынның мүдделеріне қайшы келмейтін жоғары басшылықтың (ұйымдастыру құрылымы бойынша) бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға;
-құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
Талаптар:
- Білім деңгейі/бейіні: «Жалпы медицина», «Фельдшер» мамандықтары бойынша орта мамандандырылған
- лауазымдағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
Шарттары:
- ұзақтығы 08-00-ден 17-00-ге дейін 8 сағат, демалыс күндері бар жұмыс аптасымен;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Басқа