"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Орал вокзалының анықтама беру жөніндегі кезекшісі

от 178458
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
248

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) хабарлаушыдан, вокзал бастығының кезекші көмекшісінен, вокзал бойынша аға кезекшісінен, станция бойынша кезекшісінен стандартты емес жағдайларда өзара әрекеттесу ережесіне сәйкес жолаушылар және қала аралық пойыздардың кестесін дер кезінде жедел ақпарат алу;
2) Компанияның, Филиалдың жеделхат нұсқауына байланысты дер кезінде анықтамаларға немесе басқа құжаттарға өзгерістер еңгізу;
3) жолаушының жеке немесе телефонға хабарламасына нормативтік құжаттарға сай нақты және жан-жақты анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз ету; 
4) жолаушы тарапынан түскен арыз-шағымға дер кезінде шешу үшін шара қолдану, және өздігінен шешу мүмкіндегі болмаған жағдайда вокзал басшылығын хабардар ету, және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта(техниқалық және кәсіби), ағылшын тілін Elementary денгейінен төмен емес
  • Мамандығы: Теміржолда тасымалды ұйымдастыру және басқару; Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)
  • Еңбек тәжіребі: тәжірибе қажет емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж