Жобаларды басқару департаменті мониторинг және бақылау бөлімінің жетекші

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
125

   Конкурс туралы

Міндеттері

Қоғамның мұнай құбыры басқармаларынан келіп түсетін жоспарлар (күрделі салымдар, күрделі жөндеу (капиталдандыру), ағымдағы жөндеу, негіздеуші материалдар (ақаулы ведомостары, жобалауға арналған тапсырмалар, негіздемелер және т.б.) жобаларын тексеруді және түзетуді ұйымдастыру;

инвестициялық бағдарламаның 11 айдағы нақты орындалуы және бір жылдағы күтілетін орындалуы бойынша есеп жасау;

Департамент жетекшілік ететін Қоғамның инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын орындау жөнінде оларды уәкілетті мемлекеттік органға одан әрі ұсыну үшін растайтын құжаттарды дайындау;

Қоғам объектілерін күрделі салу, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша ай сайынғы жедел, тоқсандық және жылдық есептерді жасау;

есепті ай үшін төлем күнтізбесі бойынша ақшаны пайдаланудың жоспарланатын төлемдерінің болжамын қалыптастыру;

күрделі құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарында көзделген объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысына күрделі құрылыс және күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалуына жиынтық конъюнктуралық шолулар бере отырып, апта сайын мониторинг жүргізу;

аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізу мен күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау;

 электрондық сатып алу жоспары жүйесінде және есептілікті қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесінде шарттардың ай сайынғы мониторингі;

 мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін, шарттық баға ведомосін уақтылы ұсынуын бақылау;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және оның еншілес және бірлескен- бақылаудағы ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету;

тікелей басшының және Қоғамның ішкі құжаттарымен өзіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр