«Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі 2 категориялы инженері (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне)

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
64

Қаралған саны:
889

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, МГӨБ кен орындарында қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. Қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақыларды беруге қолданыстағы заңнаманың, нұсқаулықтың, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі ережелер мен нормалардың, Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесінің («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕСУОТ) талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
  3. Еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруды және қауіпсіз жүргізуді, өндірістік жабдықтар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
  4. Еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайларының сақталуын, қорғау құралдарының болуын, жарамдылығын, дұрыс пайдаланылуын және қолданылуын қамтамасыз ету;
  5. Жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша жаңа және қолданыстағы нұсқаулықтарды, стандарттарды, жаднамаларды әзірлеуді, цехтар мен учаскелер бастықтарына нұсқаулықтарды, нұсқаулықтар бағдарламаларын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аттестаттау тәртібіне сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізуге басқа бөлімдермен бірлесіп қатысу;
  7. Жұмысшылардың арнайы тамақпен, сүтпен, сабынмен, жуғыш және залалсыздандырғыш құралдармен, стандарттарға, техникалық шарттарға және өндірістің шарттарына сәйкес келетін арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру, оларды қабылдауды, сақтауды, тазалауды, жууды және жөндеуді ұйымдастыруды бақылау;
  8. Жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздікке уақтылы оқытуды бақылауды жүзеге асыру, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмысшы кәсіптері бойынша оқытуды жүргізу, жұмыскерлердің білімін тексеру және нұсқамалар жүргізу, нұсқаулықтарды тіркеу және білімін тексеру журналдарының дұрыс жүргізілуін бақылау;
  9. Жоғары тұрған ұйымнан тиісті ақпарат алған кезде болған жазатайым оқиғалар, инциденттер мен авариялар туралы цехтар мен учаскелердің бастықтарын уақтылы хабардар ету;
  10. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік қадағалау органдарының, Қоғам ТЖК және Басқарманың белгіленген ұйғарымдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  11. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу, цехтардың, учаскелердің санитарлық-техникалық күйін паспорттау бойынша жұмыстарды жүргізу, жабдықтардың, сақтандырғыш және қорғау құрылғыларының техникалық күйін тексеру;
  12. Жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі талаптарында және басқа да нормативтік актілерде көзделген техникалық құжаттаманы дұрыс жүргізу;
  13. Өндірісте болған жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеу мен есепке алуды жүргізу, олардың себептерін талдау және осы негізде басқарманың тиісті бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулар туралы көзделген есептерді және басқа да ақпаратты жасау;
  14. Жұмысшылардың, қызметшілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік санитария бойынша кіріспе нұсқаманы өткізу, сондай-ақ нұсқаманың уақтылы жүргізілуіне және сапасына бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлерді тікелей жұмыс орындарында (цехтар мен учаскелерде) жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту;
  15. Студенттердің практикасын, қызметкерлердің тағылымдамасын және т.б. өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының сақталуын бақылау;
  16. Бекітілген кесте бойынша Қорғау картасының толтырылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру және Қорғау картасының есебін ЕҚ және ӨҚ бөліміне тапсыру.
  17. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және ЖҚҚ киюді, арнайы киімге, арнайы аяқ киімге және ЖҚҚ өтінімді уақтылы жеткізуді бақылауды жүзеге асыру;
  18. Анағұрлым жетілдірілген қоршау және бұғаттау құрылғыларының конструкцияларын, басқа да қорғау құралдарын әзірлеуге және өндіріске енгізуге қатысу және жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдау. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және шолу құжаттарын және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;
  19. Кен орындарындағы барлық қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексеруден өтуін бақылау және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау желісі бойынша жедел мәлімет» тәуліктік баянатын Басқарманың ЕҚ және ӨҚ бөліміне және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ЕжҚОҚД-не беру;
  20. Қауіпті жұмыс түрлеріне наряд-рұқсатты толтыру бойынша жұмыстардың жүргізілуін журналда тіркей отырып бақылау (жұмыс аяқталғаннан кейін наряд-рұқсатты міндетті түрде жабу);
  21. МГӨБ құрылымдық бөлімшелері бригадаларының персоналымен нұсқаулықтардың барлық түрлерінің уақтылы жүргізілуін, келушілермен, журналда тіркеумен мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен алғашқы нұсқаулықтың жүргізілуін бақылау;
  22. Қ және ЕҚ, өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігі талаптарын жыл сайынғы оқыту хаттамаларына сәйкес цех/учаске қызметкерлерін оқытудың өзектілігін және матрицасын толтыруды тұрақты негізде тексеру (ЕҚ, ПТМ, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ГНВП алдын алу бойынша, дәнекерлеушілер, ілмектеушілер және т.б. бойынша оқыту курстарынан өту күні);
  23. Жабдықтар мен құрылғыларды (газ талдағыштар, сақтандырғыш белдіктер, өрт сөндіргіштер, диэлектрлік қолғаптар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, сақтандырғыш клапандар, манометрлер) сертификаттау мерзімдерінің өтуін бақылау;
  24. Алғашқы көмек қобдишасының күйін және уақытылы толықтырылуын бақылау;
  25. Өндірістік объектілерде алғашқы өрт сөндіру құралдарын тұрақты негізде тексеру, кейіннен ескертулерді еңбек жағдайларының күйін тексерудің III кезеңінің журналына енгізу;
  26. Өндірістік объектілерде жүк қармауыш құрылғылар мен механизмдерді тұрақты негізде тексеру, кейіннен еңбек жағдайларын тексерудің ІІІ кезеңінің журналына ескертулерді енгізу;
  27. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, денсаулық, өнеркәсіптік, өрт, электр және көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұрақты негізде тексеру және кейіннен мердігерлік ұйымдардың еңбек жағдайларын тексерудің ІІІ кезеңінің журналына ескертулерді енгізе отырып, кен орындарының өндірістік объектілерінде жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың құжаттамасын жүргізу;
  28. МГӨБ ТЖК, "ЕМГ" АҚ және "ҚМГ" ҰК АҚ, мемлекеттік бақылаушы органдарымен тексеру барысында анықталған ұйғарымдардың тармақтарын жою жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын бақылау және апта сайын Басқарманың ЕҚ және ӨҚ бөліміне, "Ембімұнайгаз" АҚ ЕжҚОҚД-не ақпарат беру.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес (еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : болғаны дұрыс


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс;
  3. Еңбек кодексінің негіздерін және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының нормаларын білу;
  4. Жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізу тәртібі;
  5. Еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін білу;
  6. Өндірістік объектілерде қолданылатын жабдықтарды, құрылғыларды, технологиялық қондырғыларды, агрегаттарды, машиналар мен механизмдерді пайдалану ерекшеліктері, жабдықтың техникалық күйінің сәйкестігін бақылау қағидалары мен құралдары;
  7. Кен орындарынан мұнай өндіру техникасы мен технологиясы.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Тәжірибелі тұтынушы деңгейінде ППП-мен MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) жұмыс жасау дағдысы;
  2. Офистік ұйымдастыру техникасымен жұмыс жасай білуі;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі;
  4. Ішкі нормативтік құжаттарды білуі;
  5. Төтенше жағдайлар орын алған кезде әрекет ету схемасын білу;
  6. ңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау негіздерін, қағидалары мен нормаларын білу;
  7. SAP ERP жүйесінде жұмыс жасау дағдысының болуы.

 

Жұмыс шарттары:
Место работы: «Қайнармұнайгаз» МГӨБ
График работы – вахтовый метод 14/14
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру