Қаржы жұмысы жөніндегі жетекші экономист корпоративтік қаржыландыру және қазынашылық бөлімі

397712 - 397712 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
138

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қаржылық тәртіпті нығайтуға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

  • Серіктестіктің инвестициялық жобаларын қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша банк мекемелерімен жұмыс жүргізу;

  • Банк мекемелеріне кредиттік желілерді ашуға кредиттік өтінімдер дайындау;

  • Серіктестіктің инвестициялық жобалары бойынша қарыз қаражатынан қаржыландыруды игеру және қарыз ақшалай қаражатты жұмсау бойынша есеп жүргізу;

  • Қаржы нарықтарын талдау, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығару және сатып алу, қарыздарды тарту жөніндегі жұмысқа қатысу;

  • Екінші деңгейдегі банктерде серіктестіктің шоттарын ашу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс;

  • «Интернет-банкинг»жүйесі арқылы ақшалай міндеттемелерді уақтылы орындау үшін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру. Қаржы жұмысы бойынша жетекші экономист «Интернет-банкинг» жүйесінде өз құзыреті шеңберінде пайдаланушының аутентификациясы үшін бірегей пароль мен логинді енгізу арқылы транзакцияларды жүзеге асырады;

  • Төлем тапсырмаларын рәсімдеу, деректемелердің сәйкестігін, оларды ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын тексеру, серіктестіктің бірінші басшыларының банк құжаттарына бұрыштама қою;

  • Ақшалай қаражат салымдарын орналастыру жөніндегі жұмысты орындау;

-  Кредиттік келісімдердің, кепіл шарттарының жобаларын, банктік қызметтерге, жалақы жобаларына және т. б. тексеру, сондай-ақ оларға қол қойылғаннан кейін-олардың талаптарының орындалуын қадағалау;

Талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) қаржылық-экономикалық білім кәсіптік ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жылды құрауы керек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр