Күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы (сметашы)
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- құрылыс жұмыстарына, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауға және өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарға сметалық-қаржылық құжаттама жасайды;
- жөндеу құнын талдау негізінде жөндеу жұмыстарының барлық түрлерінің (құрылыс, монтаждау, Сантехникалық және өзге де) сметалық құнын анықтау үшін бастапқы деректерді дайындайды;
- бағалар немесе жұмыс көлемі өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептеулерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізеді;
- жобалау ұйымдарының шығыстар сметасының дұрыс жасалуын тексереді және олар бойынша қорытындылар дайындайды;
- бекітілген сметаларда көзделмеген жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарының құнын айқындауға, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыру кезінде қатысады;
- жөндеу және реконструкциялау объектілеріне титулдық тізімдерді жасауға қатысады;
- сметаларды мердігер ұйымдармен келіседі және олардың шығыстар сметасына салынған нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, орындалған жұмыстардың актілерін жасайды;
- сметалық құжаттаманың есебін жүргізеді, үлгілік сметаларды жасау мақсатында мерзімді қайталанатын жұмыстарға сметалық-қаржылық есептерді жүйелейді;
- Құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым озық технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысу.
- Конкурстарды өткізу кезінде әлеуетті мердігерлерге ұсыну үшін объект туралы ақпаратты жинау және жинақтау.
- Мердігерлік ұйымдарда әзірленген келіп түскен жобалау – сметалық құжаттаманың есебін жүргізу.
- Орындалатын жұмыстардың қолданыстағы нормативтік құжаттамасының сапасы мен сәйкестігін тексеру.
- Пайдаланылатын материалдар мен жабдықтар сапасының сәйкестігін тексеру.
- Атқарушылық құжаттаманың нақты орындалған жұмыстарға сәйкестігін тексеру.
- Нақты орындалған жұмыстардың жобаның бастапқы спецификациясына сәйкестігін тексеру.
-
Талаптар:
- Білімі жоғары кәсіптік (техникалық)
- Инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
- Өз қызметінде орындалатын жұмыстар көлемінде мынадай құжаттарды білуі және басшылыққа алуы тиіс:
- "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
- "Газ және газбен жабдықтау туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен;
- Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары. ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген;
- және мұнай-газ саласында қолданылатын басқа да нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз етіледі.
-
Шарттар:
- Жұмыс күні сағат 9-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен (1,5 сағат), жыл сайынғы еңбек демалысы және т. б.
Ұқсас вакансиялар
Бас геолог
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
29.10.2024 | 2086
Астана газ шаруашылығы жетекші маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.10.2024 | 1209
Өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.10.2024 | 1494