ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС Шымкент сыныптан тыс СД-9 станциясы (БП Шымкент бөлімшесі) жүк және багажды қабылдап-тапсырушы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Кірме жолда вагондармен қабылдау-тапсыру операциясын жүзеге асырады.2.Алушыға жүктерді беруді жүргізеді.
3. Кірме жолға беру кезінде вагондардың жүк операциясына сәйкестігін тексереді. Коммерциялық ақаулар жоқ.
4.Вагондарды техникалық тексеруге ұсынады.
5.Қабылдау-тапсырғыштың жадынамасын, вагондарды беру және жинау ведомосін жүргізеді.в
6.Тасымалдау құжатын ресімдейді, вагон парағын ресімдейді, жүктерді тасымалдауға, жөнелтуге қабылдау кітаптарын жүргізеді.
7.Жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес жүк жөнелтушінің жүктерді тиеуін бақылайды.
8.Вагоннан жүкті түсірудің толықтығын тексереді. Хабарламаларды жібереді 242.
9.Станция бойынша кезекшіге наряд жазады. Жүк алушыларды алдағы вагондарды беру және жинау туралы хабардар етеді.
Біліктілік талаптары:
Білімі:жоғары
Мамандығы:
теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі:
еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Озат)