Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл тобының бас маманы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- тамақтандыру, жинау, өрттерді сөндіру/өрттердің алдын алу, авариялық-құтқару қызметінің, міндетті медициналық тексеру, «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жұмыскерлерін тасымалдау бойынша көлік қызметтерін, Қоғам объектілерін күзету қызметтерін жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдармен (бұдан әрі – Мердігерлік ұйымдар) жасалатын шарттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне құқықтық сараптама жүргізу;
- Қоғам Басқармасы топтың құзыреттеріне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауы үшін құжаттар пакетін қалыптастыру;
- Топ қызметінің саласы бойынша бұйрықтар мен басқа ішкі құжаттарды қалыптастыру;
- заңнамаға мониторинг жүргізу және осы өзгерістерге байланысты тиісті әрекеттерді әзірлеу;
- Мердігерлік ұйымдар ҚР Заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен, актілерімен, Қоғам органдарының шешімдерімен, ішкі жетекшілік құжаттармен белгіленген тәртіпте еңбектік және әлеуметтік қатынастар саласындағы міндеттемелерін сақтауы мәніне құжаттамаға құқықтық сараптама жүргізу;
- сыртқы корреспонденттерге хаттардың жобаларын дайындау/олардың заңнама және Қоғам ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келуіне талдау жүргізу;
- Қоғамның жекеленген құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - ЖҚБ) Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
- Топ құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың (Өңірлік үшжақты комиссия, Өңірлік жедел штаб, Ведомствоаралық штаб және т.б.) отырыстарына қатысу, қаралатын мәселелер бойынша келісілген позицияны әзірлеу (қажеттілік бойынша);
- Топ құзыретіне жататын мәселелер шегінде Мердігерлік ұйымдардағы ұжымдық еңбек дауларын шешу үшін жүзеге асырылатын, ҚР еңбек заңнамасымен көзделген бітістіру рәсімдеріне қатысу (қажеттілік бойынша);
- Мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерге қатысу (қажеттілік бойынша);
- Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша ақпарат, аналитикалық анықтамаларды, презентациялық материалдарды, баяндамалар мен есептерді дайындау және келісу;
- Топ құзыретіне кіретін, Мердігерлік ұйым жұмыскерлерінің арыздарын, шағымдарын өтініштерін қарау;
- Мердігерлік ұйымдар еңбек ұжымдарының ішінде жанжалдарды тудыратын тұлғаларды, сондай-ақ іс-әрекеттері мен мақсаттары Қоғам мен Мердігерлік ұйымдардың имиджін төмендетуге, оларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты таратуға, сонымен қатар Қоғамның мүліктік және мүліктік емес құқыктары мен мүдделеріне қатысты басқа да бұзушылықтарға бағытталған тұлғаларды анықтауға қатысу. Қоғамның корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшесін осындай тұлғалар туралы уақтылы хабардар ету
Талаптар:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім (заңтану),
- мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
байланыс орталығының операторы
"Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы" ЖММ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
01.11.2024 | 581
Портфолио менеджері
Samruk Business Academy | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.10.2024 | 220
Ведущий специалист сектора морской и прибрежной инфраструктуры департамента транспортировки и логистики
Samruk Business Academy | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.10.2024 | 1194