"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы бизнес-талдау департаментінің Алматы өңірлік бөлімінің 1 санатты инженері - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"

от 237463
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
185

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Пойыздар  кестесінің  орындалу көрсеткіштерін есепке алудың қолданыстағы әдістемесінің сақталуына жүйелі бақылау жүргізу және пойыздар қозғалысы кестесін талдау, пойыздардың кідірістерін бақылау және
  • ДО-12 есеп беруінің дұрыстығы тексеру. Есептілікте статистикалық ақпаратты толықтырулар мен өзге де бұрмалауларды жою  және болдырмау жөнінде шаралар әзірлейді және шараларды қабылдайды.                                                                       
  • Бизнес-аналитика департаментіне  біріктірілген ДО-12 есебін ұсынады.                                                           Орындалған жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестелеріне толық талдау жасайды. \
  • Орындалған қозғалыс кестелерін талдап ДУ-26 «Жүк пойыздарының орындалған қозғалысының кестелерін талдау кітабы»,  ДУ-27 «Жолаушылар пойыздарының орындалған қозғалысының кестелерін талдау кітаптарын» толтырады.
  • АРМ «АИГП» анықтамалаларды құрастырып ЦДАЦ -қа жіберу. «Нормативтік анықтамалық ақпараттар» базасына қажет болса жедел түрде өзгерістер енгізеді.                                       
  • Локомотивтердің қозғалыс жылдамдығын өлшейтін ленталарында және орындалған пойыздар қозғалысының кестесінде поездардың жөнелту, келу және өту уақыттарының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды, көрсеткіштер бойынша анықтамалық-талдамалық ақпаратты қалыптастырады және ұсынады.                             
  • Поездардың келуі, жөнелтілуі және өтуі, орындалған пойыздар қозғалысының кестесін орындау туралы анықтамалар дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Тиісті мамандығы бойынша жоғары кәсіби.
  • Мамандық: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: тәжірибе талаптары жоқ 

Қосымша талаптар:

  • Статистикалық есептерді жинау, тексеру және өңдеуді жүзеге асыра білу, статистикалық есептер бойынша деректердің жинақ базасын жүргізу дағдылары.
  • Статистикалық есептерден жиналған деректерінен талап етілетін нысандар бойынша анықтама-талдамалық ақпаратты қалыптастыру дағдылары.
  • Бизнес-деректерді және де статистикалық есептерді қалыптастыру тәртібі мен әдіснамасын қарастыратын жергілікті актілерді өзектендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу дағдылары.
  • Статистикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыра білу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр