«KTZ Express» АҚ маркетинг және сыртқы байланыстар департаментінің сыртқы байланыстар және PR тобының бас менеджері (18 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
215

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің (бұдан әрі – КПМ) және тиісті мемлекеттік ведомстволардың тапсырмалары бойынша бақылау құжаттарын орындау;
Қоғамның сыртқы саясаты мәселелері бойынша шетелдік көлік-логистикалық компаниялардың, халықаралық компаниялар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдардың органдарымен өзара іс-қимылға қатысу;
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен түскен ұсыныстарды жинақтау және талдау, әзірленіп жатқан, халықаралық ұйымдар шеңберінде, мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде қабылдауға (қорытуға, бекітуге) жоспарланған халықаралық шарттардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның шетелдегі еншілес және өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жасау;
Қоғам басшылығының хаттамалық топпен бірге сыртқы іс-шараларға (көрмелер, форумдар, роудшоулар, конференциялар) қатысуын жоспарлау;
Қоғам басшылығының халықаралық іс-шараларға (келіссөздер, кездесулер) қатысуын жоспарлау;
Бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қарауына Қоғамның мәселелері мен ұстанымдарын енгізу;
Логистика департаментімен және/немесе Контейнерлік тасымалдау департаментімен бірлесіп Қоғам басшылығына презентация материалдары мен тезистерді дайындау;
Компания мен ҚТЖ ҰК АҚ басшылығының екіжақты кездесулері мен сапарлары аясында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын жинақтау, мониторингілеу және бақылау;
Функциялар шеңберінде келісім-шарттарды басқару;
Құрылымдық бөлімшенің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтауды, сипаттауды және бағалауды, тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа да құжаттарды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді.
Құрылымдық бөлімшенің өкілеттіктері мен міндеттері шегінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды/бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді, шаралардың/бақылау рәсімдерінің тиімділігін талдауды және оларды жетілдіруді қамтамасыз етеді;
Құрылымдық бөлімшенің құзыреті мен жауапкершілігі шегінде тәуекелдерге мониторингті жүзеге асырады, олардың тәуекелдердің рұқсат етілген деңгейінен ауытқу себептерін анықтайды, мүдделі тұлғаларды тәуекелдердің жоғары деңгейі туралы хабардар етеді;
Құрылымдық бөлімшенің өкілеттіктері мен міндеттері шеңберінде іске асырылған тәуекелдер туралы дерекқорды жүргізеді/жаңартады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: халықаралық қатынастар; Дипломатия; халықаралық құқық; шет тілдері; Басқару; Маркетинг; құқықтану; Көлік, көлік техникасы мен технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі), Журналистика; Көпшілікпен қарым-қатынас; филология; Экономика; Қаржы
Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 4 жыл
Қажеттілігі: халықаралық қатынастар, маркетинг және теміржол көлігі саласында/үлкен ақпарат көлемі бар аналитикалық есептерді, материалдарды, зерттеулерді дайындаудағы тәжірибесі 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы