«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалының Матай пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ - 26) тепловоз машинисінің көмекшісі (НОД-7)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Машинистің ТПС тораптары мен агрегаттарына күтім жасау, оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмаларын дер кезінде және дәл орындауға, сондай-ақ қызмет көрсетілетін және қарсы келе жатқан поездардың күйін, ТЭР шығынын бақылауға міндетті. Сөйлесулердің белгіленген регламентін орындауға міндетті. Қажет жағдайда, поезды (ТПС) өздігінен жүріп кетуден бекітуді жүргізуге;
- машинистің жанындағы жұмыс орнында тұрған кезде бағдаршамның тыйым салу сигналына өткенде (көзбен шолу қиын болатын капот үлгісіндегі шанағы бар локомотивтерді қоспағанда), сигнал көрсеткішін, машинист контроллерінің немесе тартымды басқару органдарының күйін, тежегіш магистраліндегі қысымның шамасын, бағдаршамның тыйым салу сигналына белгіленген жүру жылдамдығын бақылауға және мезгіл-мезгіл локомотив (МВПС) машинистке баяндауға міндетті. Машинист тарапынан жылдамдықты төмендету және тыйым салу сигналының алдында тоқтату әрекеттері болмаған жағдайда, бағдаршамның тыйым салу сигналынан өтуге жол бермей, поезды тоқтатуға барлық шараларды өзі қабылдауға;
- машинист кенеттен локомотивті (МВПС-ты) басқару қабілетін жоғалтқан жағдайда, поезды шұғыл тежеу арқылы тоқтатуға, оны белгіленген тәртіппен өздігінен жүріп кетуден бекіте отырып, ДНЦ және ДСП-ге, аралықты шектеушілерге, аралықтағы поездар машинистеріне бұл туралы радио байланыс арқылы хабарлауға және машинистке алғашқы көмек көрсетуге міндетті.
- локомотивті (МВПС) басқару құқықтары болған жағдайда және машинист көмекшісінің қызметтік формулярында нұсқаушы машинистің тиісті қорытындысы болған жағдайда, ол поезды жақын станцияға дейін жеткізе алады;
- ПТЭ, ИДП, ИСИ және өзге де нормативтік құжаттар талаптарын мүлтіксіз орындау негізінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және қозғалыс графигін қамтамасыз етуге;
- поездың құрамында ақау анықталған жағдайда, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сөзсіз орындаған жағдайда, тиісті технологиялық операцияларды кейіннен орындай отырып, оны тексеруді жүргізуге;
- демалыстан шыққаннан кейін, сондай-ақ лауазымға тағайындалған кезде, кәсіпорын басшысының орынбасарында, қызметтік формулярға жазу арқылы жеке әңгімелесуден өтуге міндетті.
Біліктілік талаптары:
- Орта (техникалық және кәсіптік), арнайы дайындық бойынша белгіленген бағдарламалар;
- Мамандығы: Пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, темір жол жылжымалы құрамын (түрлері бойынша);
- жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж