"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалының логистика және жүкті тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің (1 санатты) техник-технологы (НОД-4)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Вагондар мен контейеерлердегі жүктің барар жерін өзгерту бойынша операцияларды орындау
- Тасымалдау төлемдерін жасау үшін валюта курсын өзгеруіне байланысты филиал станцияларынан ақпарат жинау және тапсыру
- Жергілікті, республикалық және мемлекеттер аралық бағыттарда тасымалдау бұйрықтарының кітабына нөміріін көрсетіп, тіркеу арқылы филиал станцияларына бұйрықтарды уақытылы жіберу
- Жүк қабылдаушылар және жүк жөнелтушілерге төрт белгілік кодтар тағайындау жұмыстарын код тағайындау жөніндегі анықтама беру арқылы жүргізу
- Белгіленген тізімге сәйкес пайдаланылмаған төрт белгілік кодтарды алып тастау (күшін жою) жөніндегі жұмыстарға уақытылы талдау жасау
Біліктілік талаптары:
- Білімі орта (техникалық және кәсіби)
- Мамандығы: Көлікте (салалар бойынша) тасымалдау және қозғалысты басқаруды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
- Жұмыс тәжірибесі станция кезекшісі жанындағы оператор/маневрлік диспетчер/тасымалдау құжаттары мен поезд ақпараттарын өңдеу жөніндегі станциялық технолгиялық орталықтар диспетчері лауазымдарында 1 жылдан кем емес болуы тиіс
Қосымша талаптар:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж