«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалының Алматы пайдалану вагон депосының (ВЧД - 25) Әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы (НОД-7)
- Құрылған күні:
- 31.10.2024
- Берілген өтінім:
- 22
- Қаралған саны:
- 305
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу;
- еңбек заңнамасына, нормативтік құқықтық актілерге және нұсқаулықтарға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату бойынша құжаттарды дайындау;
- жұмысшылардың еңбек кітапшаларын есепке алу, сақтау және толтыру;
- қызметкерлердің жеке куәліктерін тіркеу;
- қызметкерлерге жұмыс орны туралы қажетті анықтамаларды беру; жылына бір рет қызметкерлердің пернодтық медициналық тексеруден өту кестесін жасау, осы кестенің уақытылы орындалуын бақылау: жылына бір рет қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру кестесін жасау;
- қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын ресімдеу;
- жылына бір рет қызметкерлердің тізімдерін әскери есепке алу бюросымен салыстыру;
- жеке құрам бойынша бұйрықтарды, жоғарылату, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды, негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды, еңбек демалысын беру туралы бұйрықтарды, қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды тіркеу;
- құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындау, істер тізімін жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Менеджмент, Экономика, Психология, Филология, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар), теміржол мамандықтары, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, Құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы