"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жабдықтау департаментінің Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тобының менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Функционалдық бағыттағы жұмыс жоспарларын орындау;
- Департаменттің бас менеджерінің, Атқарушы директордың - жабдықтау департаменті директорының тапсырмаларын орындау;
- тендерлік комиссияның жұмысын қамтамасыз ету, тендерлік өтінімдерді ашу хаттамаларын және тендер қорытындылары туралы хаттамаларды ресімдеуді жүргізу;
- тендерлік комиссия хатшысының міндеттерін жүзеге асыру және Стандартқа сәйкес өзіне жүктелген барлық функцияларды тиісінше орындау;
- «Самұрық-Қазына» АҚ тәртібі мен стандартына және компания мен серіктестіктің жергілікті актілеріне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру мәселесі бойынша серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарына консультация беру;
- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша жауаптар дайындау;
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін тендерлік құжаттамаларды әзірлеу және келісу;
- серіктестіктің мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу туралы, оның ішінде тендерлік құжаттаманы бекіту және тендерлік комиссиялар құру туралы бұйрықтарды дайындау және келісу;
- "Самұрық-Қазына"АҚ стандарты мен тәртібінің анықталған бұзушылықтарын жою бойынша жазбаша қорытындылар, ұсынымдар дайындау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Маркетинг; Экономика, Менеджмент, Қаржы; Есеп және аудит, Құқықтану, Халықаралық құқық және қатынас; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар, локомотивтер); Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Құрылыс; Көлік құрылысы; Автоматтандыру және басқару; технологиялық машиналар мен жабдықтар; Машина жасау; Электр энергетикасы (темір жолдарды электрлендіру және электрмен жабдықтау); Ақпараттық жүйелер.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)