"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"Ерейментау жол қашықтығы көлік блогының бас механигі

409191 - 429803
Ерейментауская дистанция пути Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
192

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жабдықтың үздіксіз және техникалық дұрыс жұмыс істеуін және сенімді жұмысын, жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз етеді;
  • Жол жүру құжаттарының уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз етеді қысқы жағдайда жұмыс істеуге арналған машиналар, жабдықтар мен пневматикалық үрлегіштер, кран қондырғылары мен қауіпсіздік құрылғаларын жөндеу;
  • ПЧ-ның қазандықтарды тексеру объектілерінің, машиналарының, механизмдерінің, жабдықтары мен шағын механикаландыру құралдарының техникалық жай-күйі мен жұмыс жағдайларына талдау жүргізеді;
  • Машина паркінің жұмысын талдайды;
  • Машиналар мен механизмдер бойынша ПО-7 есеп жасайды;
  • Компрессорлық жабдықтар мен пневматикалық ұрлегіштердің үздіксіз жұмысын және техникалық дұрыс жұмысын, сенімді жұмысын қамтамасыз етеді;
  •  Жол департаментіне күрделі жөндеуге, ЖЖКБ, автопаркті деполық жөндеуге, қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдерді уақытылы жібереді;
  • Қар тазалау, жол техникасының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның, автомобиль трактор техникасының, станоктар мен шағын механикаландырудың техникалық жарамды жай күйіне, ағымдағы жөндеуге жауапты;  
  • Негізгі құралдары және таурлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады;
  • Жабдықтарды жөндеу және жаңарту бойынша жұмыстардың есебін ұйымдастырады, олардың сапасын, сондай-ақ осы мақсаттарға бөлінген материалдық ресурстардың дұрыс жұмсалуын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары
  • Саладағы мамандығы бойынша: Көлік, көліктік техника және технологиялар (Көтеру және көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Машина жасау: Электр энергетикасы; Аспап жасау; Жылу энергетикасы; Көлік құрылысы; Темір жолдарды, жол құрылыстарын, көпірлер мен көлік туннельдерін салу.
  • Еңбек өтілі: жұмыс бейінімен кемінде 3  жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр