Белкөл ст. ЭО қосынының СОБ электромеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Поездар қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, ережелері талаптарын және санитарлық нормаларды сақтай отырып СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу
- Бекітілген техникалық қызмет көрсету жоспар-кестесіне және басқада жоспарлар бойынша жұмыстар жүргізу
- Электромонтерлардың жұмысын ұйымдастыру және орындалған жұмыстардың сапасын бақылау
- СОБ құрылғыларының параметрлерін штаттық өлшеу аспаптары мен АРМ ШН мүмкіндігін пайдалана отырып өлшеу
- Күтім жасайтын құрылғылардың техникалық құжаттарын тізбе бойынша реттеп ұстау
- Бекітілген техникалық құжаттар бойынша жұмыс істеп тұрған құрылғылардың сәйкестігін тексеру
- Белгіленген мерзім бойынша СОБ аспаптарын алмастыру
- СОБ құрылғыларының комиссиялық тексеруіне қатысу
- СОБ құрылғыларын тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою
- Бекітілген телімдегі құрылғыларды қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау жұмыстарын уақытылы орындау
- Құрылғыларды қысқы жағдайға жұмыс істеуге дайындау, алмастыру, жөндеу, сенімділігін арттыру бойынша ісшара дайындау үшін аға электромеханикке ұсыныстар беру
- ШЧ диспетчерінің өкімімен дистанцияның басқа да теліміндегі СОБ құрылғыларының ақауын жоюға, себебін анықтауға қатысу
- СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысының бұзылу себебі және жойылған уақыты туралы ШЧ диспетчеріне хабарлап ИДП талаптарын сәйкес ДУ-46 журналына жазба түсіру
- Басқару аппараттарында таңбаның болуын және таңбалау тетігінің сәйкестігін тексеру
- Жеке таңбалау тетіктерінің ШЧ бастығы бекіткен тәртіппен сақтау
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж