"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Саумалкөл 3 класс станциясының тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

от 190950
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
237

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Сағат 08.45-те күндізгі және 20.45-те түнгі ауысымына келіп, ауысымға арналған жұмыс жоспарымен, жолдардағы жағдаймен, келіп түскен жеделхаттармен танысу үшін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу үшін планер кеңесіне қатысуға міндетті
  • кезекшілікке кірген кезде септі тәуілікке арналған жұмыс жоспарымен өз құзыреті саласындағы қолданыстағы бұйрықтармен, станцияда вагондардың болуымен танысады
  • поезд келгеннен кейін осы поезға тасымалдау құжаттарының тиесілігін, пакеттің, бечеваның және ду-81 бақылау бланкісінің тұтыстығын тексереді, жеделхатты поездың нақты құрамымен салыстырып тексереді поезға арналған құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексереді
  • станция мекенжайына келген вагондарға тасымалдау құжаттарын іріктейді жергілікті вагондарға тасымалдау құжаттарында келу күні мен уақытын қояды, жүк құжаттарын тауар кассасына тапсыру кітабына жазуды жүзеге асырады
  • әскерилендірілген күзет қызметкеріне станцияға шығарылған келгендердің жүктері туралы хабарлайды және журналға тіркей отырып, 
    ХУ-5 жүкті күзетке тапсыру нысанындағы кітапта ВОХР қызметкерлерінің қолы қойылып күзетке қояды
  • станциялық жолдарда вагондардың болуы мен орналасуының тұрақты есебін жүргізеді

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары және орта (кәсіби және техникалық)
Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)