"Құрық порты" ЖШС Құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің жетекші инженер-құрылысшысы

от 300000
ТОО «Порт Курык» Құрық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
338

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • қолданыстағы порт инфрақұрылымының дұрыс пайдаланылуын және жөнделуін бақылауды қамтамасыз ету; техникалық құжаттама мен есептерді дайындайды; портты перспективалық дамыту жоспарын әзірлеуге қатысады, аяқталмаған құрылыстың есебін жүргізеді;
  • компанияның порт құрылыстарына, ғимараттары мен темір жолдарына аспаптық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • портты дамыту жобалары бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындауға қатысады;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша қажетті техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді, жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың қажетті құрамы мен санын жасайды, жобалау-іздестіру, зерттеу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, ақаулы ведомостарды орындауға шарттар жасасу үшін материалдар дайындауды орындайды;

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық Мамандығы: Құрылыс, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, инженер-құрылысшы. Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр