«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС коммерциялық директордың бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеп таңдайды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
1407

   Конкурс туралы

Білімі:
Жоғары кәсіби;
«Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болғаны жөн.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе қызметінің функционалдық бағыттарына  сәйкес келетін салаларда кемінде 8 жыл;
Өз бейініне сәйкес келетін ұйымда жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда жұмыс жасаған жылдарына артықшылық беріледі)  кемінде 6 жыл;
Басшы лауазымдарда (құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары ретінде, ҚМГ компаниялар тобында және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі) кемінде 5 жыл.

Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары:
1.ҚР Конституциясының нормалары;
2.еңбек заңнамасының негіздері;
3.ҚТКФ жарғысы;
4.ҚТКФ қызметін регламенттейтін ҚР қолданыстағы заңнамалық және өзге  нормативтік-құқықтық актілері және осы лауазымды атқару үшін қажетті басқадай құжаттар;
5.Сатып алулар рәсімдерін регламенттейтін «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ нормативтік құжаттары;
6.Келіссөз жүргізу дағдылары;
7. МБЖ және ҚБЖ құжаттамасы;
8. тәуекелді басқару жүйесінің және ҚТКФ ішкі бақылау жүйесінің негіздері;
9. компьютерлік техника, телекоммуникация және байланыс құралдары.

Осы қызметтегі функционалдық міндеттері:
1. ҚТКФ сатып алу рәсімдерін регламенттейтін "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ нормативтік құжаттарының тиісінше қолданылуын бақылауды қамтамасыз ету, жергілікті қамтылдымды дамытуға ықпалдасу;
2. бір көзден сатып алу әдісімен сатып алулар туралы бұйрықтарға, ашық тендер және баға ұсыныстарын сұрату әдісімен жүргізілген сатып алулар қорытындыларының хаттамаларына, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сатып алулары мәселелері жөнінде өзге құжаттарға қол қою;
3. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) қызметінің тиісті бағыты бойынша функционалдық блок басшысының сұраныстары бойынша сатып алулар және жергілікті қамтылым мәселелері бөлігінде жарты жылдық және жылдық қорытындылар бойынша орындалған жұмыс туралы есептемелерді; сатып алулардың жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларының орындалуы бойынша есептемелерді; ҚМГ сұраныстары бойынша өткізілген сатып алулар рәсімдеріне қатысты келіп түскен шағымдар туралы ақпаратты беруге;
4. Сатып алулар және материалдық-техникалық жабдықтау қызметінің, Флотты коммерциялық пайдалану қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
5. Өндірістік бағдарламаның, ҚТКФ коммерциялық мәселелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, жетекші шетелдік кеме қатынасы компанияларымен және халықаралық порттардың әкімшіліктерімен жұмыс жүргізу қағидаттарын айқындау, Жалғыз қатысушымен ҚТКФ қызметінің мәселелерін белгіленген тәртіппен пысықтау, ҚТКФ стратегиялық бастамашылықтарын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмысқа қатысу;
6. коммерциялық блоктың ағымдағы операциялық қызметін қамтамасыз ететін шарттарды (келісім шарттарды) жасасу және орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру;
7. өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және жүк ағындарын ұлғайтуға (тұрақтандыру) бағытталған іс-шараларды бақылауды жүзеге асыру;
8. ҚТКФ жұмыстарды орындау және қызметтерді ұсыну аясын кеңейту мақсатында жаңа қажеттіліктерді қалыптастру жөнінде ұсынымдардың әзірленуін бақылау, жаңа қызмет көрсету нысандарын іздестіру;
9. операциялық қызметті тиісті тәртіппен және тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың және ызмет көрсетулердің сатып алулары бойынша конкурстарды жүргізген кезде конкурстық және техникалық құжаттаманың әзірленуін бақылауды жүзеге асыру;
10. клиенттермен және серіктестермен өзара жасасқан шарттарға сәйкес ҚТКФ негізгі қызметінен түсетін кірістерді арттыруды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
11. Клиенттер мен серіктестерге қызмет көрсетуде жүзеге асырылатын өндірістік қызметтің заманауи әдістерін пысықтап әзірлеу және олардың ҚТКФ ұсынатын қызметтер аясында қолданысқа енгізілуін бақылауды жүзеге асыру;
12. Кемелердің Қара теңіз порттарында жүргізілген жұмысына мониторинг жүргізу;
13. өз бағынысындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметін регламенттейтін ұйымдық-өкімдік құжаттаманы (ережелер, нұсқаулықтар, өкімдер және басқасы) әзірлеу және белгіленген тәртіппен бекіту.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр