"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалының өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің жетекші маманы (эколог)
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Міндеттері:
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды ресімдеуді жүзеге асыру, өтінім материалдарын дайындау (қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау және сайтта рұқсат алу үшін өтінімдерді қалыптастыру elicense.kz);
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша есептіліктің, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының, ҚОҚ бойынша статистикалық және басқа да есептердің белгіленген нысандарын жүзеге асыру, уақтылы ұсыну;
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем сомасын есептеуді жүзеге асыру, нақты эмиссияларды есепке алуды, талдауды жүргізу, сондай-ақ белгіленген нормативтерді бақылау;
Филиалдың экологиялық аспектілерін сәйкестендіруді жүзеге асыру, БММ жұмыс істеуі шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бағдарлама жасауға қатысу;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы белгіленген есептілікті жасау;
Қоршаған ортаны қорғау саласында шарттар жасасу үшін техникалық ерекшелікті дайындауды жүзеге асыру;
Өндірістік бақылау комиссиясының, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау комиссиясының жұмысына қатысу;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ай сайынғы, тоқсан сайынғы және басқа да есептерді қалыптастыру, тексерулер туралы ақпаратты, бекітілген нысандар бойынша, уәкілетті органның талабы бойынша, сондай-ақ Қоғам қызметіне белгіленген мерзімдерде есептерді ұсыну;
Филиалдың қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігі бойынша бюджетке негізделген өтінімдерді уақтылы қалыптастыру және ұсыну;
Статистика және экология бойынша есептілікті жасау және тапсыру;
Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына, кәсіптік және өндірістік-шартты аурулардың өндірістік жарақаттануының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың, кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
Қызметкерлерге қабылданатын қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізу;
Филиалдағы қауіпсіздік техникасы бойынша жағдайды талдау, түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу, оларды өткізу мерзімін белгілеу және үйлестіру;
Қолданыстағы қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларының орындалуын бақылау.
Талаптар:
Білімі жоғары (техникалық) және қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы жұмыс өтілі 1 жыл.
Қажетті қабілеттер
- Коммуникабельность, исполнительность, ответсвенность, быстрообучаемость, пунктуальность.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)