«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей вагон пайдалану депосының Аягоз техникалық күту бекетінің вагон тексеріп жөндеушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- жолаушылар және жүк поездарына сапалы техникалық қызмет көрсетеді, вагондардың астынан өтіп қарайды, соның барысында поездар қозғалысына және жылжымалы құрамның сақталуына, тасымалданатын жүктің амандығына қауіп төндіретін ақауларды анықтайды, жүріс бөліктеріндегі, шанақтағы, вагон бөлшектері мен тораптарындағы техникалық сәйкессіздіктерді өлшеу құралдарының көмегімен және сырттай бақылау тәсілімен тауып, оларды ағытып жөндеу әлде ағытпай жөндеу қажет екендігін сол жерлерге бормен жазады, ақау жөнінде хабарлама толтырады, жөндеу жұмысының көлемін нақтылайды;
2. вагондарға поездан ағытпай жөндеу жұмыстарын жүргізеді, оларды жүк тиеуге дайындайды, жөндеуден шыққан вагонды қарап, пайдалануға жібереді, жөндеу жұмыстары кезінде поезды оқшаулайды, жылжымалы құрамның соңын білдіретін белгілерді іледі, қайта алады, вагон ақауларын қалпына келтіреді;
3. вагон паркінің сақталуы бойынша жұмыс жүргізеді, вагон бөлшектерінің , тораптарының тоналуының, материалдық құндылықтардың бүлінуінің алдын алады, ТКБ-нің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4. технологиялық үдеріс талаптарын сақтайды, кепілді иін бойынша жолаушы және жүк поездарының кестеге сай қауіпсіз жүруін қамтамасыз етеді;
5. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар болса дереу депо басшылығынап хабарлайды.
Біліктілік талаптары:
Білімі
1.Мамандық бойынша жоғары: көлік, көліктік техника и технология
2.арнайы орта немесе орта және мамандық бойынша арнайы бағдарламамен дайындық: темір жол жылжымалы құрамына (вагондар) техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалану
Еңбек өтелі
1.еңбек өтеліне талап қойылмайды
2. еңбек өтеліне талап қойылмайды 2-жылдан аз емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж