«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Маңғыстау ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-14) Маңғыстау пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-6) өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы

от 371912
ТЧЭ-6 МАНГИСТАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Маңғыстау а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
214

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау;
  2. өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысшыларды оқыту мен біліктілігін арттыруды жоспарлау;
  3. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу жағдайларын есепке алу, талдау жасау және оларды жою шараларын жасау;
  4. өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, жеке қорғану құралдарының жай-күйіне сәйкестігін, олардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді тексереді;
  5. өнеркәсіптік қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы бойынша оқытудың барлық түрлерін өткізу;
  6. жабдықтарды және қауіптілігі жоғары объектілерді пайдалану кезінде техникалық құжаттаманы, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша құжаттаманы жүргізу;
  7. өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының барлық анықталған бұзушылықтары бойынша тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді, талдау хаттамаларын және түзету шараларының жоспарын жасайды.

Біліктілік талаптары:

  • -Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Көлікті (темір жол көлігі) тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру; Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы өнеркәсібі; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс өтілі: кемінде 3 жыл, оның ішінде еңбекті қорғау саласындағы лауазымдарда 2 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

агондарды тексеруші жөндеуші (Вагон паркінің сақталуы бойынша) "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС ІЖҚ-30 Сарыағаш станциясының (шекара станциясы) Арыс пайдалану вагон депосы НОД-9 (БП Шымкент бөлімшесі) техникалық қызмет көрсету пункті
ВЧД-30 Арыс | Еңбекпен толық қамтылу | Түркістан облысы
19.11.2024 |  46
232966 - 245650
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Қарағанды пайдалану локомотив депосының жүк қозғалысының тепловоз машинисінің көмекшісі
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды қ.
19.11.2024 |  50
236931 - 236931
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясы байланыс учаскесінің бастығы
Балхашская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды облысы
19.11.2024 |  43
355961 - 371025