«KTZ Express» АҚ «KTZE Оңтүстік» филиалы жұмыс паркін есепке алу және тапсырыстарды орындау бөлімінің диспетчеры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- «KTZ Express» АҚ тасымалдайтын Достық/Алтынкөл станциялары арқылы кедендік тексеруге ағытылған контейнерлер бойынша тәуліктік сараптама жургізу;
- ҚТЖ станцияларында бос тұрған кезінде өндірістік емес шығындарға жол бермеу мақсатында ШКЖ БАЖ бағдарламасы бойынша бос фитингтік платформаларды уақтылы рәсімдеу;
- Контейнерлер мен контейнерлік пойыздарды, жылжымалы құрамдарды қайта тиеу кезінде фитингтік платформалармен қамтамасыз ету үшін Достық/Алтынкөл ХМТП - мен (халықаралық мемлекеттік түйісу пункттері) өзара байланыс жасау;
- Клиенттердің ұсынылған өтінімдеріне сәйкес тиелген/бос вагондар мен контейнерлерге тасымалдау құжаттарын рәсімдеу;
- WinTerm, АЕЖ (ақпараттық есеп жүйесі) программалары бойынша контейнерлер мен контейнерлік пойыздарды тасымалдауға берілген меншікті жалға алынған фитингтік платформаларды қадағалау.
Қосымша талаптар:
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялары; Вагондар; Экономика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігінде); Құрлыс (теміржол құрлысы, жол және жол шаруашылығы); Логистика (көліктегі); Менеджмент.
Жұмыс тәжірбиесі: мамандық саласы бойынша кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр