Жер асты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер

"Ақтау" Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
1986

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Автоматты катодты қорғау станциясын және автоматты электрдренажды қондырғыларды монтаждау, пайдалану және жөндеу.
  • Күрделі коррозиялық жағдайларда жерасты құбырларында және кезбе тоқ көздерінде бақылау электр өлшемдерін жүргізу.
  • Топырақтың коррозиялық белсенділігінің дәрежесін анықтау.
  • Құбырлар мен кезбе токтардың көздерінде электр өлшемдерінің деректерін өңдеу, "рельс - жер", "құбыр - жер" әлеуеттерінің графиктерін құру, коррозиялық қауіптілік дәрежесін анықтау.
  • Құбырдың оқшаулау жабындарын визуалды және аспаптық әдістермен тексеру.
  • Құбырдың жекелеген учаскелері үшін қосымша қорғау қажеттілігін анықтау.
  • Құбырларды жөндеу кезінде оқшаулауды ауыстыруды бақылау. Коррозияға қарсы қорғау кезінде қолданылатын күрделілігі орташа өлшеу аспаптарын баптау және жөндеу.
  • Жұмыс істеп тұрған құбырға катодтық шықпаларды термиттік дәнекерлеу бойынша жұмыстарға қатысу.

Талаптар:

  • Білімі: электр энергетикасы мамандығы бойынша жоғары немесе арнаулы орта білім. 
  • Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Шарттар:

  • Кандидаттың нақтылықты тұрғылықты мекен-жайы Жаңаөзен қаласы болуы тиіс.