«KTZ Express» АҚ – KTZE Западный филиалы логистика секторының бас маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Контейнерлік және мультимодальды тасымалдау үшін ең оңтайлы/бәсекеге қабілетті көлік шешімдерін қалыптастыру;
Ең аз көлік шығындары бар ең ұтымды маршруттарды анықтау (тасымалдаудың табыстылығын арттыру);
AIKEYCRM жүйесінде тасымалдау құнын есептеу;
Филиалдың сату және тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінен түскен өтініштер/сұраныстар негізінде тасымалдау шығындарының жедел есебін қамтамасыз ету;
Филиалдың сату және тұтынушыларға қызмет көрсету бөліміне әрі қарай беру үшін тасымалдау жобаларының құнының картасын қалыптастыру;
Тұрақты негізде Қазақстан Республикасының темір жол тарифтері бойынша салыстырмалы есептеулерді дайындау және Филиалдың және Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне Филиал үшін ерекше тарифтік шарттарды белгілеу мүмкіндігі туралы ресми хаттар жолдау;
Көлік шешімдерін қалыптастыру кезінде Филиалдың тасымалдау процестеріне меншікті/аутсорсингтік көлік активтерін (контейнерлер, вагондар, фитингтік платформалар) белсенді түрде тарту.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары
Мамандықтар: көлік, көліктік техника және логистика; тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; басқару; маркетинг; халықаралық қатынастар; құқықтану; халықаралық құқық; автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол
мамандықтар.
Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 2 жыл жұмыс
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр