Лауазымдық жауапкершілік:
• Компанияда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау;
• Радиациялық бақылаудың жоспар-кестесінің орындалуын талдау;
• Радиациялық қорғаудың тиімділігін, РҚ бойынша сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, "Cameco" радиациялық қауіпсіздік бағдарламасына және РҚ саласындағы озық өнеркәсіптік практикаға сәйкестігін бақылау;
• Радиациялық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
• Қызметкерлердің, жұмыс орындарының және қоршаған ортаның радиациялық мониторингінің тиімділігі мен дұрыстығын бақылау;
• Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлерді оқыту бағдарламасын іске асырудың тиімділігін бақылау;
• Мемлекеттік органдарға сұратуларды уақтылы ресімдеу және радиациялық қауіпсіздік саласындағы рұқсат құжаттарын алу (атом саласы бойынша лицензия алу) ;
• Радиациялық қауіпсіздікке байланысты ішкі ережелер мен рәсімдерді әзірлеу және жаңарту;
• Ішкі талаптарға және мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес РҚ бойынша статистикалық есептерді ұсынуды қамтамасыз ету;
• Иондаушы сәулелену көздеріне және радиоактивті қалдықтарға түгендеу жүргізуді бақылау;
• Құтқару-авариялық құралымының оқу-жаттығуларына және құтқару-авариялық жұмыстарына қатысу;
• Авариялар мен жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуде жоғары тұрған басшылыққа жәрдем көрсету;
• Уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
• Радиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды анықтау және жою мақсатында жұмыс орындарына тұрақты тексерулер жүргізу;
• Бекітілген қызметтік міндеттемесіне сәйкес басқа да міндеттемелер.Білім:
Физика саласындағы жоғары бейіндік білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
•
• "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
• "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
• Санитариялық нормалар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар;
• Жерасты ұңғымалық және үймелеп шаймалау тәсілдерімен кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары;
• Радиациялық қауіпсіздік саласындағы басқа заңдар, нұсқаулықтар және техникалық құжаттар;
• Қатты, сұйық және газ тәрізді сынамаларды радиометриялық, дозиметриялық және спектрометриялық зерттеу әдістері;
• Басқару жүйелері бойынша стандарттар (яғни ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 9001-2015)
• Төтенше және/немесе дағдарыс жағдайларындағы әрекеттер;
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және электр қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар;
• Еңбек мәдениеті және қызметтік әдеп;
• АҚХА, ICRP (радиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық комиссия) мақұлдаған уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздіктің озық әдістері және басқа да халықаралық стандарттар.Қосымша:
• Атом энергиясын пайдалану саласында лицензия алу және құжаттарды дайындау тәжірибесі;
• Құжаттарды бекіту және тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен (АжЭҚБК, СЭҚ) өзара әрекеттесу тәжірибесі.Білетін тілдер:
• Қазақша-міндетті;
• Орыс тілі-міндетті;
• Ағылшын тілі - мүмкіндігінше.