"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС МГСП вагондарын тексеруші-жөндеуші Ганюшкино ст. ІЖД-1 Атырау пайдалану вагон депосы НОД-13 (БП Атырау бөлімшесі)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) қауіпсіздік және еңбекті қрғау талаптарын, өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыс орнанда.2) жұмысқа кіріспес бұрын ТҰУ-19 брифингтерінен алынған бұйрықтармен нұсқаулармен танысу.
3) құралдардың радиобайланыстың және өлшеу құралдардың болуын және жұмысқа жарамдылығын тексеру, тіректердегі материалдар, сондай-ақ жұмыс киімдері мен қауіпсіздік аяқ киімдерінің жұмысқа жарамдылығын қарау.
4) пойыздың басында және құйрығында жұмыстарды орындау кезінде вагон жөндеу қараушысы (құйрық сигналдары үшін УЗОТ-РМ операторының командасын орындайды)
5) қызметтік міндеттерді орындау кезінде арнайы киім киіп белгіленген жилетпен, құралмен ,арнайы сумкамен жүруі тиіс.
Қосымша талаптар:
6) пойыздар мен вагондарды техникалық қарап-тексеру орталықталған қоршау қойылғаннан кейін ғана жүргізіледі.7) ақауы бар вагондардың келген, қалыптасқан және жөнелтіліп жатқан вагондарының техникалық жәй-күйін тексеруге.
8) вагондарды қарап-тексеру аяқталғаннан кейін анықталған кемшіліктерді жөндеп орындайды.
9) ағымдағы ажыратуға жататын вагондарды форма №23 нысанындағы хабарламамен ақаулы вагонды ағытуға вагон жөндеу қараушысы міндеті , оны ағыттырмау вагон депосы бастығы немесе ТҚКП-нің бастығының құзырында.
10)
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)