"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Курорт-Боровое 1 класс станциясының теміржол кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- 08.45 және 20№45-те планерлік кеңестерге қатысады, еңбекті қорғау бойынша нысаналы нұсқама, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нұсқама, станция басшылығынан ауысымға арналған жұмыс жоспарын алады
- алдағы жұмыс жоспарымен, поездар мен маневрлерді қабылдауға, жөнелтуге қатысты қолда бар нұсқаулармен және өкімдермен, қабылдау-жөнелту жолдарында жылжымалы құрамның болуымен және орналасуымен, станцияға іргелес аралықтардың (блок-учаскелердің) жағдайымен (еркіндігімен немеесе жұмыспен қамтылуымен) танысады
- станция жұмысының тәуілкті жоспары-кестесімен, ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік кестелер журналына, жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СЦБ құрылыстарын, Ду-46 нысанындағы байланыс және байланыс желісін тексеру журналына, станциялар бойынша кезекшілер жүргізетін поездар қозғалысы мәселелері бойынша ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына актідегі жазбалармен жазылады барлық ақаулар туралы комиссиялық айлық тексеру, олардың орындалу мерзімдерін тексеру сақтық шаралары қабылданады және ауысым ішінде бақылау жүргізіледі. Ақаулар белгіленген мерзімде орнатылмаған жағдайда бұл туралы ДС немесе ДСЗ, тиісті УПЧ, ШЧ, ЭЧ, ВЧД қызметтерінің диспетчерлеріне хабарлайды
- белгіленген тізбеге сәйкес техникалық және поездық құжаттаманың болуын және сақталуын тексереді
- ауысымды қабылдаған орталықтандыру станциялық бекетінің (бұдан әрі ДСП) кезекшісінің, сондай-ақ ЭЦ-4 разряд операторларының баяндамасы бойынша СЦБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының жарамдылығына және тізімдемеге сәйкес пломбалардың бар-жоғына, станцияның техникалық-өкімдік актісіне сәйкес курбельдердің, аспалы құлыптардың, нысанды журналда ресімдей отырып, қызыл қалпақшалардың болуы мен жарамдылығына көз жеткізіледі ДУ-46
- ауысым барысында станциялық жолдардың, іргелес аралықтардың бос немесе бос контростігін, басқару аспаптарының СЦБ және байланыс құрылғыларының жарамдылығын бақвлайды
- аралас қызмет қызметкерлерінің ДУ-46 нысанындағы журналға жазбаларды ресімдеуінің дұрыстығын бақылайды
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғарғы кейінгі), орта кәсіпті және техникалықМамандығы; қозғалысты тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану
Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім кезінде 2 жылдан кем емес, оның ішінде орталықтандыру станциялық бекетінің кезекшісі/парк бойынша кезекші/2-3 класс станция бойынша кещекші/4-5 класса станция бойынша бастығы/ сұрыптау сырғанағы бойынша кезекші/поездар құраструшы, станция бойынша оператор лауазымидарында. орта білім кезінде 3 жылдан кем емес, оның ішінде орталықтандыру станциялық бекетінің кезекшісі/парк бойынша кезекші/2-3 класс станция бойынша кещекші/4-5 класса станция бойынша бастығы/ сұрыптау сырғанағы бойынша кезекші/поездар құраструшы, станция бойынша оператор лауазымидарында
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Озат)