"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Курорт-Боровое 1 -класс станциясының тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- кезекшілікке келе отырып, 6-разрядты оператордың жұмысына қатысты ауысымға арналған жұмыс жоспарымен танысу үшін сағат 8:45 және 20:45 -те планерлік кеңестерге қатысуға, парктегі жылжымалы құрамның және олардағы тасымалдау құжаттарының, станцияға поездардың жақындауының, келіп түскен жеделхаттардың болуымен және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама алу үшін орналасуымен танысуға міндетті, арнайы киім мен арнайы аяқ киім, қызметтік күәлік, техникалық формуляр, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді, ережелерді нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі кәлік кию керек
- өндірістік қауіпсіздіктің сәйкессіздіктері мен ауытқулары анықталған кезде әкімшілік бақылаудың бірінші сатысының чек-парағын кейіннен ресімдеу үшін станция бойынша кезекшіге баяндайды
- теміржол көлігі объектілерінің жүктері мен материалдық құндылықтарын ұрлау жағдайлары туралы хабарлау
- поездар машинисінің тасымалдау құжаттарын ДУ-40 нысанындағы журналға қол қойғызып қабылдауы және тапсыруы, бұл ретте тасымалдау құжаттары бар паетің сақталуын қамтамасыз етеді
- өзінің әзірлеуге келген құрамдарын есептен шығаруды, жұп және тақ поездарға тіркемелі қоршалатын вагондарға жөнелтуге қалыптастыруды құжаттарды локомотивтен және локомотивке ДУ-40 журналы нысанында қол қою арқылы жеткізуді орындайды
- вагондар ағымдағы жөндеуден шыққан кезде вагондарға бор таңбасы қойылады
- ДУ-81 нысанының бақылау бланкісіне деректерді енгізе отырып, поездарға тасымалдау құжаттарын олардың нақты орналасуына сәйкес құрамда пакеттеу
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары және орта (кәсіби және техникалық)Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Озат)