"ҚТЖ-Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі"ЖШС филиалының Арыс пайдалану вагон депосының ІЖҚ - 30 персонал жөніндегі менеджері

383709 - 401944
ВЧД-30 Арыс Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
294

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • қызметкерлерді тиімді пайдалану мен кәсіби жетілдіруге қол жеткізу үшін ұйымды дамытудың жалпы мақсаттарына және кадр саясатының нақты бағыттарына сәйкес персоналмен жұмысты ұйымдастырады;      
     ұйымды қажетті кәсіптердің, мамандықтардың және біліктіліктің қызметкерлерімен жабдықтауды қамтамасыз етеді;      
    кадрларға деген қажеттілікті анықтайды, қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің мүмкін көздерін анықтау мақсатында еңбек нарығын зерттейді;      
     кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, жұмыскерлер штатын толықтыру мақсатында жұмысқа жалданушылармен, оның ішінде оқу орындарының түлектерімен әңгімелесу өткізеді;      
     қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың іскерлік мансабын дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;      
    бейімделу, команда құру (тимбилдинг), жеке өсу бағдарламаларын жүргізуді жүзеге асырады;      
    кадр мәселелері және маңызды кадрлық шешімдер бойынша ақпаратты барлық қызметкерлерге жеткізеді;      
     қызметкерлердің еңбек қызметінің нәтижелерін бағалауды, аттестаттауды, бос лауазымдарға орналасуға конкурстарды өткізуді ұйымдастырады;      
    құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп қызметкерлерді жалдау, ауыстыру, қызметте жоғарылату, лауазымын төмендету, әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ жұмыстан шығару мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысады;      
    қызметкерлердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау, олардың лауазымдық өсуін ынталандыру жүйесін әзірлейді;      
    персоналды басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша әртүрлі деңгейдегі басшыларға кеңес береді;      
    ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға, еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге қатысады;      
     еңбек шарттары мен келісімшарттарды жасайды және ресімдейді, қызметкерлердің жеке істерін және өзге де кадрлық құжаттаманы жүргізеді;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
    Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Экономика; Менеджмент; Қаржы; Көлік, көлік техникасы және технологиялар
    Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр