Ақтөбе ст. желілік аппарат залын күтімге алу жөніндегі бригаданың байланыс электр механигі
- Құрылған күні:
- 25.11.2024
- Берілген өтінім:
- 10
- Қаралған саны:
- 185
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. ПТЭ, ИСИ, ИДП сондай ақ қызметтік нұсқаулықты білуі тиіс2. ішкі тәртіп ережелерін орындау, телім цех қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау өрт және электр қауіпсіздігі, қазандық тексеру ережелері мен нормаларын сақтау.
3. Қызмет көрсететін байланыс құрылғыларының техникалық деңгейі бойынша білімін арттыру
4. еңбекті қорғау бойынша көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулерге қатысады.
5. жұмыс орындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайына 1 бақылау кезеңін жүргізу
6. жұмыс уақытында ұялы байланыс құралдарының пайдаланылуын қамтамасыз ету және бақылау
Біліктілік талаптары:
орта техникалық (немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық)
Мамандығы
Темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару.
Темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және коммуникация.
Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.
Жұмыс өтілі:
Электр монтері лауазымында кем дегенде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж