"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы бизнес-талдау департаментінің Маңғыстау өңірлік бөлімінің инженері - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"

от 360585
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Маңғыстау а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
32

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • орындалған іс-шаралар ауқымы бойынша статистикалық есептерді жасаудың қолданыстағы әдістемесіне жүйелі мониторингті жүзеге асырады.
  • Статистикалық ақпарат пен есептілікті бұрмалауды болдырмау шараларын қабылдауды   жүзеге асырады;
  • есептік сағаттағы жағдай бойынша пойыздарда орналасқан жүк вагондарының болуы туралы ДУ-10 нысанын толтыру және Компания иелігіндегі  бос және тиелген вагондардың қолда бар, жүк паркі вагондарының қолда бары және бос вагондардың қолда бар көрсеткішін теңгерімдік ДУ-16 нысанды кітабының деректері бойынша теңгерімдік әдіспен анықтау;
  • ДО-2,ДО-15 нысандары бойынша  статитикалық есептерді күнделікті жинақтау және құрастыру;
  • ДО-2,ДО-15 нысандарындағы  статитикалық есептердің көрсекіштері бар макетті қалыптастыру және ДИСКОР ақпараттық жүйесіне беру;
  • Статистиқалық есептердегі және ақпараттық жүйелердегі жүк вагондарының бірдей болуын, жұмыс істеу және пайдалану көрсеткіш арасындағы сәйкессіздікке бақылауды жүзеге асыру. Бас есептеу орталығында құрастырылған ДО-1,ДО-2,ГО-1,ГО-2,ГО-3 нысандарын жүк пойыздарының,жүк вагондарының және контейнерлердің қабылдап – тапсырылуын, жүк жұмыстары туралы ақпаратты станциялық ақпаратпен салыстырып тексеру;
  • жүк вагондары мен контейнерлердің желілік санағына қатысу,санақтарға дайындық жұмысын жүргізу,санақтарды өткізуге бұйрықтар дайындау және акционерлік қоғамның филиалдарына және оның  еншілес ұйымдарына материалдарды тарату. Станциялардан материалдарды қабылдау және санақ нәтижелерін тексеру;
  • ДО-2,ДО-15,ВО-1 нысанындағы есептерде және ақпараттық жүйелерде жүк вагондары мен жүк тиелген вагондардың бағыты бойынша,ақаулы вагондардың болуының себептеріне талдау жүргізу.Себептерді дер кезінде анықтап, сәйкесіздіктерді жою шараларын қолдану;  

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары; 
  • Мамандық: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 2 жыл жұмыс атқару

Қосымша талаптар:

  • бизнес-талдауы және теміржол көлігі статистикасының негіздері.
  • еңбек және қызметкерлер саны көрсеткіштерінің бизнес-талдауын және статистикалық талдауын жүргізу;
  • статистикалық және талдау әдістерін қолдана отырып, үлкен көлемдегі ақпаратты жүйелеу және жіктеу;
  • нормативтік-құқықтық актілермен және құжаттамамен жұмыс істеу.
  • Статистикалық есептерді жинау, тексеру және өңдеуді жүзеге асыра білу, статистикалық есептер бойынша деректердің жинақ базасын жүргізу дағдылары.
  • Статистикалық есептерден жиналған деректерінен талап етілетін нысандар бойынша анықтама-талдамалық ақпаратты қалыптастыру дағдылары.
  • Бизнес деректерді және де статистикалық есептерді қалыптастыру тәртібі мен әдіснамасын қарастыратын жергілікті актілерді өзектендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу дағдылары.
  • Статистикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыра білу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр