ӘТЖК ЖШС Семей филиалының Риддер станциясы атқыштар командасының жүктерді күзететін күзетшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- қораптардың, едендердің люктер мен вагондардың, пломбалардың түрін түсін, бұралымдарының қалыпты жағдайда болуын тексеру, автотрактор техникасындағы тізімдердің сәйкестігін тексеру, станциялардығы техникалық конторада тасымал құжаттамаларын салыстыру, жүктің сақталуына қауіп төндіретін ақаулықтар анықталған жағдайда вагонды қабылдамай, жағдайды ауысым топ аға күзетшісіне баяндап, пунктте бөлімше болмаған жағдайда шара қабылдау үшін станция бастығына баяндау;
- Ауысымды тапсырушы тұлғадан күзетілімге берілген жүк тиелген вагонды сапалы қабылдап алу;
- Ауысым топ аға күзетшісіне қабылдап алған жүктің ұрлануы мен шығынға ұшырауына әкеліп соқтыратын коммерциялық ақаулық жағдайын баяндау;
4) Вагондарды қабылдап алғаннан кейін поезда поездық бригадасымен байланыс орнату;
5) вагондарға бөгде тұлғалардың жақындамауын бақылау;
6) Поезбен бөгде адамдардың ілесіп жүрмеуін бақылау;
Қосымша талаптар:
Арнайы оқу орталықтарында алғашқы даярлық курсын аяқтағандығы жөніндегі анықтамасы болуы шарт
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру