Начальник отдела кадров Регионального филиала по пассажирским перевозкам "Южный" АО «Пассажирские перевозки»

409191 - 429803
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Южный" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
195

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Филиал қызметкерлерін еңбек заңнамасына, нормативтік құқықтық актілерге, Филиал директорының нұсқаулары мен өкімдеріне сәйкес жұмысқа қабылдау, ауыстыру тжәне жұмыстан босатудың уақтылы орындалуын бақылайды;
  • Кадрларды есепке алуды, қызметкердің ағымдағы және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамаларды беруді, еңбек кітапшаларының сақталуын және толтырылуын және жеке құрам бойынша белгіленген құжаттаманың жүргізілуін, сондайақ Филиал қызметкерлерін көтермелеу мен марапаттауларға ұсыну үшін материалдарды дайындауды бақылайды;
  • Демалыс кестелерінің жасалуын және орындалуын қадағалайды, Филиал бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жайкүйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауын қадағалайды, ауыстүйіс себептерін талдайды, еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту бойынша ісшараларды әзірлейді;
  • Кадрлық есепке алу және жеке құраммен жұмыс жасау бойынша белгіленген есептердің дұрыс және уақтылы жасалуын бақылайды;  Бөлім бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген шарттар талаптарының уақытылы орындалуын бақылайды;  Бөлім қызметкерлерінің қаржыландыруға өтінімдерін Филиалдың бухгалтериясына уақтылы беруін бақылайды;
  •  Қызметкерлердің материалдық көмек көрсету туралы өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылайды;  жылдық есепті дайындау және қалыптастыру үшін ақпарат дайындау;
  • Филиал қызметкерлерінің, заңды және жеке тұлғалардың еңбек құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша өтініштерін қарау, қажет болған жағдайда еңбек және орындау тәртібін бұзу фактілерін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек шартының талаптарын сақтауын тексеруге қатысу;
  • жұмыс істемейтін зейнеткерлерді есепке алуды бақылайды, сондайақ Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік төлемдерге бақылауды жүзеге асырады;  атқарылатын функционалдық міндеттердің ауқымына қатысты азаматтардың бақылау хаттары мен өтініштеріне жауаптар дайындау
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Көлік, көліктік техника және технологиялар; Экономика; Басқару; Қаржы; Бухгалтерлік есеп және аудит; Құқықтану.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша  кемінде 3 жыл жұмыс.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр