«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Шұбаркөл инженер-технологы (1 санат)

282234 - 295710
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
23

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Станцияның ТРА және оның қосымшаларын, станцияның пайдалану техникалық шарттарын дайындауға қатысу, станцияның ТРА және техникалық процесстерге ПТЭ, ИДП, ИСИ талаптарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
  • жүк цехы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, барлық кәсіптер бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқауларын әзірлеуге қатысу;
  • тексерістер бойынша материалды уақтылы дайындау, олардың филиалдың қауіпсіздік, жүк және коммерциялық жұмыс бөлімдеріне уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету;
  • станцияның өткізу қабілеті мен өңдеу қабілетін, станция класын есептеуге қатысу, маневрлік локомотивтердің қажетті санын анықтау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі), орта (техникалық және кәсіби)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлік пайдалану / Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары біліммен маневр (станциялық) диспетчері/станция кезекшісі/орталықтандыру станция қосынының кезекшісі/парк кезекшісі/сұрыптау дөңесінің кезекшісі лауазымдарында 1 жылдан кем емес; орта (техникалық және кәсіптік) біліммен маневр (станциялық) диспетчері/станция кезекшісі/орталықтандыру станция қосынының кезекшісі/парк кезекшісі/сұрыптау дөңесінің кезекшісі лауазымдарында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Шұбаркөл станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру