"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (кластан тыс) Жаңаауыл станциясының тауар кассирі (НОД-4)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- АСУДКР жүйесінде тиелген және бос вагондар мен контейнерлерді қабылдау, беру, қайта бағыттау кезінде жүк жөнелтушілердің/жүк алушылардың тасымалдау құжатының бағандарын толтыру дұрыстығын тексеру. Егер дұрыс емес толтыру анықталса (жіберу кезінде), ол өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін оны қайтару
- АСУДКР мақұлданған өтінімдердің болуын тексеру, он күндік өтінімдерді уақтылы бекіту және оларды түзету
- Тасымалдау құжаттарының, мөртаңбалардың, қатаң есеп бланкілерінің, станциялық және коммерциялық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету·
- Нормативтік құқықтық құжаттарға және жергілікті актілерге сәйкес жүк операцияларын жүзеге асыру кезінде жүкқұжат, СМГС жүк құжаты, қосымша алымдар бойынша жинақтаушы карталар, тасымалдау құжаттарының уақтылы және дұрыс ресімделуін қадағалау
Біліктілік талаптары:
- Білімі орта (техникалық және кәсіби)
- Мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігінде жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыс
- Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс, оның ішінде 1 жылдан кем емес жүк және багажды қабылдап тапсырушы, поездарды қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор (СТЦ) лауазымдарында
Қосымша талаптар:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Жаңаауыл станциясы
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж