Астана ст. өндірісін қамтамасыз ету секторының жетекші инженер-технологы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі"

от 331355
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
35

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • жыл сайынғы Спартакиадаға волейбол және арқан тарту командаларын дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді (жалпы куратор, спортшылар мен жаттықтырушыларды іріктеу, консультация беру, жаттығулар мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және т,б,)
  • Серіктестіктің әлеуметтік тұрақтылық индексі мәселесі бойынша іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді
  • Серіктестіктің әлеуметтік тұрақтылық рейтингін шығару үшін ақпаратты жинақтайды және өңдейді
  • филиалдарды қоса алғанда, серіктестік персоналының қанағаттанушылығына сауалнамалар мен персоналдың қанағаттанушылығына социологиялық сауалнама негізінде талдауды қамтамасыз етеді
  • әлеуметтік тұрақтылық пен тартымдылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, бекітеді және орындауды, қызметкерлердің арнайы киіммен, тұрмыстық техникамен, жолдамалармен, медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілуі бойынша орындалу мониторингін, ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді
  • мерекелік іс-шараларға арналған мәдени-бұқаралық іс-шарадарды жайындауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді
  • ҚТЖ ҰҚ АҚ компаниялар тобында санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторингті қамтамасыз етеді

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Мамандығы: Менеджмент; Экономика; Психология; Филология; Педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар); Теміржол мамандықтар;Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; құқықтану; Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр