Қарағанды пайдалану локомотив депосының кезекшісі

360720 - 373404
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
161

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Алдағы сапарлық жұмыс жоспарларымен, локомотив бригадаларының тәуліктік-ауысымдағы сапарлық және манервлік жұмыс жоспарларымен, жөндеудің барлық түрінде, техникалық қызмет көрсетуде және резервте тұрған локомотивтердің жағдайымен, техникалық қызмет көрсетуден шығатын немесе қоятын жоспармен, кестемен, локомотивтерді сумен және электрлі күш шаруашылығымен,  электрқуатымен және түйіспе желімен жабдықтау жоспарымен немесе кестесімен, қайта келіп түскен бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, поездар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау материалдарымен танысуға. Локомотив бригадаларының кестеге сай, тапсырыс немесе шақыру бойынша жұмысқа уақытылы келулерін бақылауға. Локомотив бригадаларының дұрыс демалуын немесе айналым пункттерінде локомотив бригадаларының нормадан тыс болмауын үнемі қадағалауға. Белгіленген уақытта қамтамасыз ету үшін, локомотивтерге өрт, қалыпқа келтіру поездарын берумен қамтамасыз етуге міндетті.

Біліктілік талаптары:

Білімі

Жоғары (немесе жағары оқу орнынан кейін)

Орта (техникалық және кәсіби)

Саладағы мамандығы

Көлік, көлік техникасы және технологиясы (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару)

 

Пайдалану, теміржол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

Жұмыс тәжірибесі

Локомотив машинисі болып 2 жылдан кем емес

Қосымша талаптар:

Еңбек күн тәртібін, мінез-құлық және іскерлік этика Кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қағиданы сақтау

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру