«KMG Drilling & Services» ЖШС Әзірбайжан Республикасындағы филиалы қаржы бақылаушысы
KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.- барлық төлем құжаттарын, оның ішінде Төлемге арналған барлық шоттарды, мердігерлердің актілерін және Caspian Drilling Company Ltd жасасқан шарттар бойынша түрлендіру мен операциялық қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты өзге де бастапқы құжаттарды және операциялық қызмет бойынша бюджетті қоса алғанда, өзге де қаржылық құжаттарды шеңберінде келісу;
- оператордың БҚК орындау кезінде өз міндеттерін орындау кезінде кірістердің, шығыстардың және мүліктің түсуін бақылау;
- Caspian Drilling Company Ltd-мен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- бизнес-жоспар мен Филиал бюджетін қалыптастыру, Серіктестікпен келісу және бекітуді, қажет болған жағдайда оны түзетуді қамтамасыз ету;
- Филиал бюджеті қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын қадағалау;
- Филиалдың қысқа мерзімді төлемдер болжамын қалыптастыру және Серіктестікпен келісу (1-3 ай);
- төлем құжаттарын, оның ішінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған барлық шоттарды және өзге де қаржы құжаттарын келісу;
- Филиалда төлемдерді ұйымдастыру;
- жүзеге асырылатын төлемдер бөлігінде шарттық міндеттемелердің сақталуына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру;
- Филиалда төлемдерді жүзеге асыру бойынша күнделікті/апта сайынғы/тоқсан сайынғы талдау мен мониторингті жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде ішкі нормативтік құжаттарды, шарттарды, келісімдерді сараптау;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының уәкілетті органдарымен, сондай-ақ Cеріктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүзеге асыру;
- Серіктестіктің бас директорының, Филиал директорының және басқа да басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы және сапалы орындау;
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткі қолданып масаң күйде жұмысқа кіріспеу жағдайлары туралы жұмысты тоқтата тұру және жоғары тұрған басшылыққа баяндау;
- жұмыстарды жүргізу бойынша қажетті нұсқауларды сақтау, сондай-ақ тапсырылған жұмысты уақтылы және сапалы орындау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы технологиялық
- Талаптар
-
Тілдерді білуі
· мемлекеттік тіл;
· орыс тілі;
· ағылшын тілі.
Заңнамалық және нормативтік актілерді білу
· «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заң;
· Азаматтық құқық негіздері, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы;
· Әзірбайжан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері.
Кәсіби сертификаттау
· Экономист-бухгалтер; қаржыгер.
Жұмысқа қажетті техникалық және ұйымдастырушылық дағдылар
· Кеңсе бағдарламаларын білу (Microsoft Office);
· Стратегиялық жоспарлау, жобаларды басқару, адамдар мен ресурстарды басқару және шешім қабылдау;
· Басқаларға тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру және тапсыру, адамдарды ынталандыру және дамыту қабілеті.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр