«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Шу пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-30) Өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 2 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Депоның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
- депоның салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі мен жетілдірілуі жөніндегі қызметін үйлестіру;
- берілген құқықтар мен өкілеттіктер шегінде еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйін талдау;
- еңбек жағдайларын жақсарту, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы саласындағы озық тәжірибелер мен инновацияларды енгізу, қорғау, сақтандыру және бұғаттау құрылғыларының неғұрлым жетілдірілген конструкцияларын, жұмыскерлерді қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың басқа да құралдарын әзірлеу және қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қамтитын бағдарламаларды, конспектілерді әзірлеуге және қайта қарауға; Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі бойынша оқытуды, нұсқау беруді және олардың білімін тексеруді жүргізуге; жұмыскерлер міндетті медициналық тексеруден және ауысым алдындағы тексеруден өтуге тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізімін жасауға әдістемелік көмек көрсету (рейс алдындағы. рейстен кейінгі) медициналық тексерулер; заңнамаға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша өтемақы алуға құқығы бар жұмыскерлердің кәсіптері мен санаттарының тізбелерін (тізімдерін) дайындау; еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу; еңбекті қорғау жөніндегі ақпараттық стенділерді, бұрыштамаларды жабдықтау;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қажетті заңнамалық, нормативтік құқықтық актілермен (оның ішінде техникалық) қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- депо қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша, атап айтқанда, олардың осы саладағы құқықтары мен міндеттері, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жағдайы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі және ұжымдық және жеке қорғанудың тиісті құралдары, еңбек жағдайлары бойынша өтемақылар және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге байланысты басқа да мәселелер туралы хабардар ету және оларға консультация беру;
- жұмысқа жаңадан қабылданған, іссапарға жіберілген барлық оқушылармен және өндірістік оқытуға немесе практикаға келген студенттермен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар( локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде 1 санаттағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымында кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)