«Кедентранссервис» АҚ цифрландыру департаментінің менеджері
- Құрылған күні:
- 29.11.2024
- Берілген өтінім:
- 27
- Қаралған саны:
- 421
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Бизнес-процестерді талдау және модельдеу;
- ағымдағы бизнес-процестерді зерттеу, қиындықтарды анықтау, оларды оңтайландыру бойынша шешімдер ұсыну;
- процестердің модельдері мен схемаларын құру (BPMN, Bizagi Modeler, Figma) ;
- бизнес талаптарын жинау, құрылымдау және құжаттау;
- it бөліміне немесе әзірлеу топтарына беру үшін талаптарды ресімдеу;
- құжаттаманы әзірлеу және келісу;
- техникалық тапсырмаларды, функционалдық ерекшеліктер мен нұсқаулықтарды дайындау;
- жобаның барлық кезеңдерінде құжаттаманы жүргізу;
- мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл:
- бизнес өкілдерімен және техникалық топтармен кездесулер мен сұхбаттар өткізу;
- шешімдерді үйлестіру, бөлімшелер арасындағы тиімді байланысты сақтау;
- шешімдерді әзірлеу және енгізу:
- IT-шешімдерді жобалауға, тестілеуге және енгізуге қатысу;
- шешімдердің бизнес талаптарына сәйкестігін тексеру;
- деректерді талдау және есептерді дайындау;
- гипотезаларды растау және шешімдердің тиімділігін бағалау үшін деректерді жинау және талдау;
- аналитикалық есептер мен интерактивті бақылау тақталарын құру;
- жобаларды басқаруға қатысу;
- әзірлеушілерге міндеттер қою, орындалу мерзімі мен сапасын бақылау;
- Agile/Scrum әдістемелері бойынша жұмыс.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару, жобалық менеджмент, Көлік, көлік техникасы және технологиялар
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл
- SQL: сұраныстарды жазу, деректерді талдау, сұраныстарды оңтайландыру;
- Power BI: есептерді әзірлеу, интерактивті бақылау тақталарын құру, DAX және Power Query-мен жұмыс істеу;
- Bizagi Modeler: бизнес-процестерді модельдеу;
- Tableau, Python, Figma, ETL құралдарын (SSIS, Talend)білу құпталады;
- ERP жүйелерімен жұмыс тәжірибесі, 1С: кешенді автоматтандыру, SAP;
- Agile/Scrum, ITIL әдістемелерін білу;
- үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу дағдылары, аналитикалық ойлау;
- ақпаратты нақты құрылымдау, құжаттаманы әзірлеу мүмкіндігі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)