Арнаулы техника жүргізушісі

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
353

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• ГТА құрылыс жөніндегі шебер берген ауысымдық тапсырмаларды орындау; • Еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтау; • Компанияның барлық саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ еңбек тәртібі мен кәсіби этика мен эстетика ережелерін орындау; • Жабдықты пайдалану ережелерін сақтау; • Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын жабдық үшін материалдық жауапкершілікке ие болу; • ГТА құрылысы кезінде қолданылатын арнайы техниканы басқару; • Сеніп тапсырылған техникаға жоспарлы-алдын алу жөндеулерін және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге қатысу; • Сеніп тапсырылған техниканы пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды мүлтіксіз сақтау; • Полигондарды салуға және жөндеуге байланысты арнайы техникада жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу (траншеяларды, зумпфтарды қазу және көму, алаңдарды жоспарлау, полигондарды профильдеу, сүйреу, арнайы техниканы пайдалануға байланысты тиеу-түсіру жұмыстары және т. б.); • Сеніп тапсырылған техниканың техникалық жарамды жай-күйін қадағалау; • Техниканы таза ұстау; • Техника істен шыққан жағдайда оны жөндеуге қатысу; • Жаңадан салынған полигондарда пайдалануға беру кезінде жабдықтарды, құбырларды сынауды жүргізуге байланысты іс-шараларға және іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысады; • Жабдықтарды монтаждауға геотехнологиялық блокты дайындау жөніндегі жұмыстарға қатысу; • Қол құралының жарамды күйін бақылау; • Тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу; • Жабдықтарды монтаждау және геотехнологиялық блоктарда коммуникацияларды төсеу кезінде негізгі және қосалқы жұмыстарды орындау; • Жұмыс аумағын тазалау; • ГТА құрылысы жөніндегі шебердің басқа да тапсырмаларын орындау; • Компанияның сеніп тапсырылған көлік құралдарын басқару: НЅ-25 нұсқаулығына, ҚР Жол жүрісі қағидаларына және қауіпсіз жүргізу жөніндегі ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес; • Қауіпсіздік белдіктерінің болуын және қозғалыс кезінде барлық жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдалануын бақылауды міндетті түрде жүргізу; • Төтенше жағдайларды қоспағанда, Компания жұмыскерлері болып табылмайтын жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырмау; • ҚР Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес көлік құралының толықтығына бақылау жүргізу (дәрі қобдишасы, авариялық белгі және т. б.); • Өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі (уақытша рұқсаты) жоқ немесе жол (маршруттық) парағында көрсетілмеген адамдарға көлік құралын басқаруға беруге тыйым салуды сақтау; • Жұмыс істемейтін тежегіш жүйесі немесе рульдік басқаруы бар, тәуліктің қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандырусыз немесе жеткіліксіз көріну жағдайында - жанбайтын (жоқ) фаралармен және (немесе) артқы габариттік шамдармен, жаңбыр немесе қар жауған кезде-жүргізуші тарапынан ақаулы шыны тазалағышы бар көлік құралының қозғалысын жүзеге асыруға тыйым салуды сақтау; • Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтауға көмек көрсету; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға арнайы техника жүргізушісінің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Тракторшы-машинист біліктілігі бар арнаулы орта білім.

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • ҚР Жол қозғалысы ережелері; • ГТА құрылысы кезінде қолданылатын жер қазу техникасы мен басқа да жабдықтарды білу; • Экскаваторда, фронтальды тиегіште, тартылатын телескопиялық жебесі бар тиегіште, траншея қазғышта жұмыс істеу тәсілдері; • Слесарьлық іс; • пайдаланылатын арнайы техниканың агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылымы, жұмыс істеу принципі және жұмысы; • арнайы техниканы техникалық пайдалану ережесі; • жаңа арнайы техника мен күрделі жөндеуден өткен арнайы техниканы сынау ережесі; • арнайы техниканың ақауларының пайда болу себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері; • аккумуляторлық батареялар мен шиналарды пайдалану ережелері; • арнайы техникаға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу тәртібі; • арнайы техниканы ашық және жабық тұрақтарда сақтау ережесі; • техникалық жай-күйін тексеру, жұмыс басталар алдында арнайы техниканы қабылдау, оны тапсыру және белгіленген орынға қою тәртібі; • Қол электр құралдарымен жұмыс істеу ережесі; • Жүктерді ілмектеу, тиеу және түсіру нормалары мен ережелері; • Ыдыстың құрылысы және жүкті бекіту тәсілдері;

Қосымша:

"В,С"санатындағы жүргізуші куәлігі; "А", "Б", "В", "Г", "Д" және "Е"санаттарындағы тракторшы-машинистің куәлігі.

Білетін тілдер:

Қазақ тілі (ауызекі); Орыс тілі (ауызекі).