Пойыз құрастырушы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Жолаушылар және жүк поездарына вагондарды тіркеу және ағыту жұмысы;Вагондарды барлық кірме жолдарына және басқадай мамандандырылған жолдарға қою, орындарын ауыстырып қою және осы жолдардан вагондарды алу жұмысын жүргізу, маневрлік диспетчерге бекітілген тежегіш табантіректер саны туралы баяндау, теміржол көлігінің объектілерінен жүк және құнды материал ұрлау оқиғалары туралы станция бастығына, станция бастығының оперативтік жұмыс жөніндегі және логистика жөніндегі орынбасарларына, маневрлік диспетчерге, станция кезекшісіне дереу хабарлау;
Парктен паркке құрамдар мен вагондарды ауыстыру жұмысын жүргізу;
Станция ТБА және оның қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес кірме жолдарына қойған және олардан алған кезде, құрамдарды, вагондарды парктен паркке, бір маневрлік жұмыс ауданынан басқа ауданға ауыстырған кезде вагондардың автотежегіштерін сынап көру;
Маневрлік жұмыс кезде орталықтандырылмаған бағыттар мен лақтырғыш үшкірлерді ауыстырып бұру және әрбір операциядан кейін оларды қалыпты күйіне келтіру;
Станцияда орнатылған лақтырғыш үшкірлердің кілттерін және № 224 бағыттамалы бұрманың тоспа құлыптың кілтін қабылдау және қайтарып табыстау, осы жөнінде сәйкесті журналдарға датасын жазып, қол қоюмен растау;
Құрамдарды сұрыптау дөңесінен таратқан кезде және маневрлік жұмыс кезінде вагондарды ағыту;
Станция ТБА мен оның қосымшаларына сәйкес маневрлік диспетчерге, станция кезекшісіне баяндай тұра, станция және кірме жолдарында вагондарды тежегіш табантіректермен бекіту, оларды доңғалақтар астынан алу;
Маневрлік жұмыс жүргізу алдында өзі жүріп өту арқылы жылжымалы құрамның, вагондардың, доңғалақ жұптарының, тиелген жүктің күй-жайын тексеру, станция және кірме жолдарында вагондардың астында тежегіш табантіректердің, бөтен бөлшектердің, заттардың болмауына көзін жеткізу. Қабылдау-жөнелту жолдарында жүргізген тексеру қорытындылары туралы станция кезекшісіне, сұрыптау дөңестегі –сұрыптау дөңес бойынша кезекшіге, басқа станциялық және кірме жолдарында – маневрлік диспетчерге маневрлік байланыс арқылы баяндау. Құрастырылған құрамды сұрыптау паркі жолдарынан қабылдау-жөнелту парктердің жолдарына ауыстырып қою алдында ДСПГ шығарылған вагондар санын және соңғы вагонның нөмірін салыстыру;
Маневрлік жұмысқа қатысатын барлық жұмыскерлердің әрекеттерінің келістірілуін және дұрыс орнатылуын қамтамасыз етумен маневрлік жұмысқа басшылық жасау.
Біліктілік талаптары:
Біліктілік талаптары:
Білім
Белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық
Жұмыс тәжірибесі
Поездар құрастырушының көмекшісі/ вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру