«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Достық станциясы» филиалының жүк диспетчері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Станцияның жүк диспетчері станцияның барлық жүк түсіру және тиеу жұмыстарын бақылауды. Жүк түсіру алаңдарына жүк тиелген және бос вагондардың уақытымен берілуін және жүк және багаж қабылдап тапсырушылардың жұмыстарын қадағалайды. Жүк диспетчерлері өз қарамағындағы жүк түсіру жұмыстарына қатысты станцияның жұмысшыларын ауымда орындалатын жұмыс жоспарымен таныстырады. Жұмыс барыснда туындаған мәселелерді шешеді, қажетті жағдайда станция басшылығына хабарлайды. Жүк түсіру алаңдарына 3 сағат сайын қойылып, алынатын вагондардың қойылу жоспарын құрады. Станцияның жүк паркындағы бос вагондарды есептейді, тәулікке және ауысымға бос вагондардың бөлуді жоспарлайды. Вагондарды коммерциялық және техникалық жағынан тексертеді, олардың ВУ-24 кітабына тіркелуін, вагондарды тексеретін қызметкерлердің қол қоюларын қадағалайды. Алаңдарды жүк түсіру жұмыстарына қатысатын жүк және багаж қабылдап тапсырушылардан ақпарат алып анықтамалар толтырады. Жүк және түсіру жұмыстарын келесі тәулікке жоспарлайды.
Біліктілік талаптары:
Білімі
Жоғары, орта (техникалық және профессионалдық)
Мамандығы:
Жүк тасымалын ұйымдастыру және транспорттағы қозғалысты басқару; теміржол транспортындағы жүк және коммерциялық жұмыс.
Жұмыс тәжірибесі:
1 жылдан кем емес, оның ішінде жүк және багаж қабылдап тапсырушы/ тауар кассирі/ тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы/ поезд құрастырушысы лауазымында.
3 жылдан кем емес, оның ішінде жүк және багаж қабылдап тапсырушы/ тауар кассирі/ тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы/ поезд құрастырушысы лауазымында
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру