"БП Павлодар бөлімшесі" ЖШС филиалының Нод-3 тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі Павлодар технологиялық орталығының жетекші бухгалтері

306810 - 325044
НОД-3 (Павлодарское отделение ГП) Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
73

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қаржылық тәртіп пен бухгалтерлік есеп ережелерін сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру; 
  • SAP PRW жүйесінде ақшаны брондау, төлеушілердің ЭЛС-де ақшаның бар-жоғын растайтын станцияға жеделхаттарды жіберу;
  • Филиалға, Серіктестіктің жүктермен коммерциялық жұмыс бөліміне (бұдан әрі – ЖМЖ), Серіктестіктің жүк тасымалдаулары бойынша есеп айырысу және халықаралық есеп айырысулар бөліміне (бұдан әрі – ЖТ есеп айырысу бөлімі) жүк тасымалдау бойынша дебиторлық берешек туралы анықтаманы қалыптастыру және беру ; 
  • ведомстволық бағыныстағы құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың есепті айдағы кірістері мен шығыстарын салыстыру; 
  • орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) туралы анықтамаларды, есепті айдағы тасымалдау шарттарын бұзғаны үшін шот-фактураларды қалыптастыру және төлеушілерге жіберу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
  • Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес, оның ішінде 1-ші санаттағы бухгалтер лауазымында кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр