"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының жүк тасымалдарынан түсетін кірістерді есепке алу секторының бастығы

от 303761
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесінен (бұдан әрі-САП) "әртүрлі алымдар мен өзге де түсімдер жтынтығы" (бұдан әрі ФДУ-4) ФДУ -4 нысанының кіріс түсімдерінің ай сайынғы жинағын қалыптастыру
  • ФДУ -4 жиынтығын серіктестіктің есеп айырысу орталығының филиалдарымен салыстыру ЖБТ БП Алматы бөлімшесі, БП Ақтөбе бөлімшесі, БП Жамбыл бөлімшесі, БП Павлодар бөлімшесі (бұдан әрі-ТехПД) САП жүйесінен қалыптасты
  • 17-Т жиынтығын қалыптастыру САП жүйесінде төлем түрлері бойынша есептелген сомалардың жалпы жтынтығы (бұдан әрі - 17Т жиынтық) және ФДУ -4 жиынтығымен салыстыру
  • 17-Т ФДУ-4 жинақтары арасындағы анықталған сәйкессіздіктер бойынша ТехПД - мен жұмыс
  • САП жүйесінде ФДУ -4 жинағының баптарын өзгертуге өкімдер дайындау, серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен және ФДУ-4 жинағына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ТехПД мен жұмыс істеу
  • серіктестіктің құрылымдық бөлімшесінің ФДУ-4 жиынтығынан ақпарат беруі
  • ТехПД -дан келіп түскен және пысықталған құжаттар бойынша жалпы анықтаманы қалыптастыру
  • ФДУ-4 нысанындағы "әптүрлі алымдар мен өзге де түсімдер жиынтағы" сомалары мен әрбір теміржол әкімшілігі бойынша үй заттарын тасымалдағаны үшін 4-а нысанындағы есеп айырысу ведомостары арасындағы алшақтықтардың анықталған сомалары бойынша анықтама қалыптастыру
  • "Қазтемиртранс" АҚ операторының тарифі мен алымы үшін өндіріп алынған сомалардың тізілімін жасау
  • ҚТЖ ҰҚ АҚ филиалы Магистралдық желі дирекциясы 1-қызмет - қызметтері үшін өндіріп алынған сомалар тізілімін жасау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), менеджмент, экономика, қаржы, теміржол көлігіндегі коммерциялық қызмет
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман